Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Хоум Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
1) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы су құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0057 га;
2) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы жылу жолын төсеу мақсатында көлемі 0,0100 га;
3) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы кәріз құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0153 га;
4) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы газ құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0226 га;
5) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы кабель желісін төсеу мақсатында көлемі 0,1146 га;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |