"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облысы бойынша "Үздік ауыл әкімінің аппараты" рейтингі нәтижелері негізінде ауыл әкімдері аппараттары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары белгіленсін:
1)бірінші орын үшін – әр қызметкерге 6 (алты) лауазымдық жалақы;
2)екінші орын үшін – әр қызметкерге 4 (төрт) лауазымдық жалақы;
3)үшінші орын үшін – әр қызметкерге 2 (екі) лауазымдық жалақы.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Ж.Матаев |