Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының бабтарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480 Заңының баптарына сәйкес Шаған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шаған ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 32 "Шаған ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Шаған ауылдық округіндегі Ж.Бекпанов тұйығын "Тотан Балапанов" және Ә.Тұйғынов көшесінің 1 – қатары "Абдулахат Нұғманов" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шаған ауылдық округінің әкімі | К. Несипбаев |