"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1-тармағына, аумақ халқының пікірін ескер отырып, 2025 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал қаласындағы Рсалы Тұрымбетов көшесімен қатарлас жатқан жаңа көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Садық Жұмағұловтың есімі берілсін.
2. Осы бекітілген қаулы және шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Ш. Есжанов |
| Арал аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Турахметов |