"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, 37 бабының 8-тармағына және Нұра ауданының төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша комиссияның кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 6 хаттамасына сәйкес, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Шұбаркөл кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай туралы" Нұра ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Нұрхатұлы Есжановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Нұра ауданының әкімі | Б. Муканов |