"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қарағанды облысы Қарағанды қаласының және Бұқар жырау ауданының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 27/01 Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 169 Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Кобжанов |