"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 21 ақпандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері:
Шалғай Қарасу алабының 1-көшесі Қорқыт ата көшесіне;
Жилкооперация көшесі Иманжүсіп Құтпанұлы көшесіне;
Фресно көшесі Шәкен Ниязбеков көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Н. Календеров |
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | А. Нұралиев |