Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына және Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 155 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" қаулысына сәйкес Үржар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. "Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Л.Дуйсенова) осы қаулыдан туындайтын шаралардың заңда белгіленген тәртіпте орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары Е. Сейльгазинге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Үржар ауданының әкімі | А. Башимбаев |
| Үржар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "25" желтоқсандағы № 457 қаулысына қосымша |
Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 16.01.2026 № 15 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
| № | Қызмет алушылар түрі | Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) |
|---|---|---|
1 | Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға | 3849,94 |
2 | Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға | 3849,94 |
3 | Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға | 3849,94 |
4 | Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға | 3849,94 |
5 | Егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға | 3849,94 |