Қазақстан Республикасының Су кодексінің 125-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін.
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
3. "Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89-18 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысының әкімі | Б. Уәли |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейіндік инспекциясы" РММ-нің басшысы
____________________ С. Мейрамбеков
2025 жылғы "_____" _____________
"Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану
комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау
және пайдаланужөніндегі Ертіс бассейіндік
инспекциясы" РММ-нің басшысы
____________________ М. Жәдігер ұлы
2025 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
____________________ С. Сарбасов
2025 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті басшысы
____________________ Н. Ноғайбаев
2025 жылғы "_____" _____________
| Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _______ № ________ қаулысына қосымша |
Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы әкімдігінің 14.05.2026 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Су объектінің/су шаруашылығы құрылысының атауы | Жүзудің белгіленген шекараларындағы халықтың жаппай демалатын орындары | Орналасқан жері |
| Аягөз ауданы | |||
|---|---|---|---|
1. | Аягөз өзені |
Көпшіліктің демалуы үшін | Аягөз қаласы |
| Бесқарағай ауданы | |||
2. | "Шошқалы" көлі |
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген | Қарабас ауылдық округі |
| Бородулиха ауданы | |||
3. | Шүлбі су қоймасы |
"Жанай" демалыс базасы |
Жерновка ауылдық округі, |
4. |
Жерновский көлдері |
"Адал" компания демалыс базасы |
Жерновка ауылдық округі, |
5. | Большое көлі |
Көпшіліктің демалуы үшін | Бородулиха ауылы |
6. | Ертіс өзенінің оң жағалауы Шүлбі су қоймасы |
"Шығыстүстімет" демалыс орыны | Жерновка ауылдық округі |
7. | Уба өзенінің Ертіс өзеніне құятын саласы |
"Солнечный" балалар лагері |
Бородулиха ауданы |
| Мақаншы ауданы | |||
8. | Алакөл көлі |
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген | Қабанбай ауылдық округі |
9. | Алакөл көлі |
"Дарабоз" балалар лагері | Қабанбай ауылдық округі |
10. | Алакөл көлі |
Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген | Қабанбай ауылдық округі |
| Семей қаласы | |||
11. | Ертіс өзені |
"Заря" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген | Бұрынғы понтон көпірінің сол жағалау бөлігі |
12. | Ертіс өзені |
"Пристань" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген | Пристань ауданы |
13. | Дамба |
Көпшіліктің демалуы үшін | Затон шағын ауданы |
| Курчатов қаласы | |||
14. | Ертіс өзені |
№ 2 қалалық жағажай |
№ 2 ЖОББМ, |
15. | Ертіс өзені |
№ 3 қалалық жағажай | Саяжай алабы ауданында |
| Көкпекті ауданы | |||
16. | Көкпекті өзені |
Көпшіліктің демалуы үшін | Көкпекті ауылы |