"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кәсіпшілік күш-жігер нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 280 бұйрығына қосымша |
Кәсіпшілік күш-жігер нормативтері
Су айдыны | Саны* | |||||
қойылмалы аулардың | аулардың (тастама аулардың және/немесе қойылмалы) | қабадалардың | балықшылардың | кемелердің | қайықтардың | |
Жайық өзені ** | - | 32 | - | 320 | 32 | 96 |
Қиғаш өзені ** | - | 28 | - | 280 | 28 | 84 |
Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігі | 3525 | - | 8225 | 591 | 20 | 197 |
Каспий теңізі Маңғыстау облысы жағалауында*** | 9504 | 61 | 609 | 821 | 61 | 411 |
Жайсан көлі | 2778 | 42**** | - | 817 | 84 | 283 |
Бұқтырма су қоймасы | 2925 | 11 | - | 528 | 11 | 231 |
Шүлбі су қоймасы | 848 | 10 | - | 182 | - | 71 |
Өскемен су қоймасы | 146 | - | - | 22 | - | 11 |
Шардара су қоймасы | 892 | 22 | - | 266 | 22 | 89 |
Кіші Арал теңізі | 4500 | 10 | - | 960 | 10 | 460 |
Сырдария өзені | 80 | 4 | - | 64 | 4 | 24 |
Алакөл көлі | 450 | 5 | - | 115 | 5 | 50 |
Сасықкөл көлі | 580 | 5 | - | 141 | 5 | 63 |
Қошқаркөл көлі | 90 | 1 | - | 23 | 1 | 10 |
Балқаш көлі | 3600 | 54 | - | 684 | 108 | 180 |
Қапшағай су қоймасы | 1 (бір) балықшыға 15 | 1 (бір) учаскеге 10 | - | 1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына***** 2 | 1 (бір) учаскеге 10 | 1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына***** 2 |
Нұра өзені |
1 (бір) балықшыға |
1 (бір) учаскеге | - |
1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына***** | - |
1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына***** |
Қаныш Сатпаев атындағы канал | 475 | 2 | - | 110 | - | 48 |
Ескертпелер:
* Қапшағай су қоймасын есепке алмағанда, кәсіпшілік балық аулауға рұқсат пайдаланушыға осы балық шаруашылығы су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативіне және оған пропорционалды бөлінген квота үлесіне (бөлінген квотаның осы балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде кәсіпшілік балық аулауға арналған жалпы лимитке қатынасы) қарай беріледі.
Әрбір пайдаланушы үшін кәсіптік күш-жігер нормативін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Нкн = Нбекіт x квота/лимит,
мұндағы:
Нкн – балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне арналған кәсіпшілік күш-жігер нормативі (балықшылардың, аулардың, жылымдардың, қайықтардың, кемелердің саны) (бірлік);
Нбекіт – су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативі (бірлік);
квота – ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанына дейін пайдаланушыға бөлінген квота (тонна);
лимит – ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанына дейін кәсіпшілік балық аулауға бекітілген лимит (тонна);
** Жайық және Қиғаш өзендерінің ұйықтық учаскелеріне кәсіпшілік күш-жігер нормативтері жалпы бекітілген нормативтерді ұйықтық учаскелер санына бөлу жолымен белгіленеді (бөлінген квота үлесін есепке алмай);
*** Маңғыстау облысының жағалауындағы Каспий теңізі үшін "лимит" көрсеткіші майшабақтарды өндіру үшін көзделген көлемдерді есепке алмай, осы акваторияның бекітілген учаскелерінде кәсіпшілік аулауды жүзеге асыратын пайдаланушылар квоталары мен бекітілген учаскелерден тыс теңіздің ашық бөлігінде өндіруді жүргізетін пайдаланушылар квоталарының сомасы ретінде айқындалады;
**** тек тастама ауларды қолдану;
*****балық шаруашылығы учаскесінің паспортына сәйкес учаскенің жаға бойынша ұзындығы;