Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 29/268-VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 29/268-VIII шешіміне
қосымша

Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығымен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың Шымкент қаласының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі

      5. Шымкент қаласының әкімдігі жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:

      1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

      3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

      4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

      6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда Шымкент қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

      7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

      10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнатуға;

      2) су объектілерін ластау және кірлетуге;

      3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыруға;

      4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылуға;

      5) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жоюға;

      6) жанармай және майлау материалдарын сақтауға;

      7) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

      8) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыруға.

Об утверждении Правил общего водопользования в городе Шымкент

Решение маслихата города Шымкент от 17 сентября 2025 года № 29/268-VIII

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан, маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила общего водопользования в городе Шымкент согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Шымкент Б. Нарымбетов

  Приложение
к решению маслихата
города Шымкент
от 17 сентября 2025 года
№ 29/268-VIII

Правила общего водопользования в городе Шымкент

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила общего водопользования в городе Шымкент (далее –Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан, Типовыми правилами общего водопользования, утвержденными приказом Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 11 июля 2025 года № 171-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36443) и определяют порядок осуществления физическими лицами общего водопользования на водных объектах общего пользования на территории города Шымкент.

      2. Общее водопользование осуществляется физическими лицами для удовлетворения личных потребностей в рекреации, туризме, любительском (спортивном) рыболовстве и иных формах досуга, не связанных с осуществлением хозяйственной или предпринимательской деятельности, а также водопоя сельскохозяйственных животных на пастбищах.

      3. Специального разрешения для осуществления общего водопользования не требуется.

      4. Пользование водными объектами при общем водопользовании осуществляется в рамках публичного водного сервитута, являющегося неотъемлемой частью водного объекта.

Глава 2. Порядок общего водопользования

      5. Акимат города Шымкент для реализации физическими лицами права общего водопользования:

      1) обеспечивает беспрепятственный доступ к водным объектам;

      2) определяет места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах общего водопользования;

      3) определяет участки рыбохозяйственных водных объектов и (или) участков и прилегающей береговой полосы для осуществления любительского (спортивного) рыболовства;

      4) обеспечивает информирование населения об установленных ограничениях и запретах общего водопользования.

      6. При отсутствии прямого доступа к водному объекту, акиматом города Шымкент устанавливается публичный сервитут в соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан.

      7. Информация об ограничениях или запретах подлежит опубликованию в средствах массовой информации, на интернет-ресурсе государственных органов и должна быть доступной к ознакомлению путем установления специальных информационных знаков вдоль берегов водных объектов.

      8. Использование водных объектов для водопоя сельскохозяйственных животных допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов.

      9. На рыбохозяйственных водных объектах любительское (спортивное) рыболовство организовывается физическими и (или) юридическими лицами, которым предоставлено право ведения озерно-товарной хозяйственной деятельности на данном водном объекте.

      10. При использовании водных объектов общего водопользования не допускаются:

      1) самовольная установка ограждений, шлагбаумов, запретительных знаков, иных средств ограничения доступа физических лиц к водным объектам;

      2) загрязнение и засорение водного объекта;

      3) мытье транспорта, стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания;

      4) купание в местах, где выставлены специальные информационные знаки с предупреждающими или запрещающими надписями;

      5) самовольное снятие, повреждение или уничтожение специальных информационных знаков;

      6) хранение на территории горюче-смазочных материалов;

      7) осуществление заправки топливом, мойки и ремонта транспорта;

      8) оставление на водных объектах и в непосредственной близости от них несовершеннолетних детей без присмотра взрослых.