Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 41-225 шешімі

      Ескерту. 01.11.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев

  Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №41-225 шешіміне қосымша

Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 171-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) айқындайды және жеке тұлғалардың Алматы облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі

      5. Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын іске асыруы үшін:

      1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      2)ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

      3)әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

      4)халықты ортақ су пайдаланудың белгіленген шектеулері мен тыйымдары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

      7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

      10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1)су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

      2)су объектілерін ластау және кірлету;

      3)шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

      4)арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

      5)арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

      6)жанармай және майлау материалдарын сақтау;

      7)көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      8)су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.

Об утверждении Правил общего водопользования в Алматинской области

Решение Алматинского областного маслихата от 24 сентября 2025 года № 41-225

      Сноска. Вводится в действие с 01.11.2025 в соответствии с пунктом 3 настоящего решения.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан, Алматинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила общего водопользования в Алматинской области.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на курирующего заместителя акима области.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 ноября 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель маслихата К. Байгоджаев

  Приложение к решению Алматинского областного маслихата от 24 сентября 2025 года №41-225

Правила общего водопользования в Алматинской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила общего водопользования в Алматинской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс), приказом исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 11 июля 2025 года № 171-НҚ "Об утверждении Типовых правил общего водопользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 36443) и определяют порядок осуществления физическими лицами общего водопользования на территории Алматинской области на водных объектах общего пользования.

      2. Общее водопользование осуществляется физическими лицами для удовлетворения личных потребностей в рекреации, туризме, любительском (спортивном) рыболовстве и иных формах досуга, не связанных с осуществлением хозяйственной или предпринимательской деятельности, а также водопоя сельскохозяйственных животных на пастбищах.

      3. Специального разрешения для осуществления общего водопользования не требуется.

      4. Пользование водными объектами при общем водопользовании осуществляется в рамках публичного водного сервитута, являющегося неотъемлемой частью водного объекта.

Глава 2. Порядок общего водопользования

      5. Местные исполнительные органы Алматинской области для реализации физическими лицами права общего водопользования:

      1) обеспечивают беспрепятственный доступ к водным объектам;

      2) определяют места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах общего водопользования;

      3) определяют участки рыбохозяйственных водных объектов и (или) участков и прилегающей береговой полосы для осуществления любительского (спортивного) рыболовства;

      4) обеспечивают информирование населения об установленных ограничениях и запретах общего водопользования.

      6. При отсутствии прямого доступа к водному объекту, местными исполнительными органами устанавливается публичный сервитут в соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан.

      7. Информация об ограничениях или запретах подлежит опубликованию в средствах массовой информации, на интернет-ресурсе государственных органов и должна быть доступной к ознакомлению путҰм установления специальных информационных знаков вдоль берегов водных объектов.

      8. Использование водных объектов для водопоя сельскохозяйственных животных допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов.

      9. На рыбохозяйственных водных объектах любительское (спортивное) рыболовство организовывается физическими и (или) юридическими лицами, которым предоставлено право ведения озерно-товарной хозяйственной деятельности на данном водном объекте.

      10. При использовании водных объектов общего водопользования не допускаются:

      1) самовольная установка ограждений, шлагбаумов, запретительных знаков, иных средств ограничения доступа физических лиц к водным объектам;

      2) загрязнение и засорение водного объекта;

      3) мытье транспорта, стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания;

      4) купание в местах, где выставлены специальные информационные знаки с предупреждающими или запрещающими надписями;

      5) самовольное снятие, повреждение или уничтожение специальных информационных знаков;

      6) хранение на территории горюче-смазочных материалов;

      7) осуществление заправки топливом, мойки и ремонта транспорта;

      8) оставлять на водных объектах и в непосредственной близости от них несовершеннолетних детей без присмотра взрослых.