"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 1-тармағы 1)тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына, 71-1 бабының 2-тармағына және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 442-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиясына негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Восход-Oriel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жалпы көлемі 1332 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 "Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары А. Райысұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Тлеумуратов |