Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мәртөк ауданының әкімі | М. Ысқақов |
| Мәртөк аудандық әкімдігінің 2025 жылғы "29" қыркүйектегі № 214 қаулысына қосымша |
Мәртөк ауылында мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге); Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге); Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл; Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:
Р= Гз /12/ п, мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге); п – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр). Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады: А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге); Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге); Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл; Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге). Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады. Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады. Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:
Р= Гз /12/ п, мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге); п – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр).
1) Екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекен-жайы: Мәртөк ауылы, № 39 көшесі, № 1268, 1269, 1270, 1271, 1272, 1283, 1284, 1285, 1286, 1287, 1288, 1289, 1290, 1291, 1292, 1303, 1304, 1305, 1306, 1307, 1308, 1309, 1310, 1311, 1312, 1323, 1324, 1325, 1326, 1327, 1328, 1329, 1330, 1331, 1341, 1342, 1343, 1344, 1345 үйлер.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: А= Ц/Т/12+Р
Ц = 18 855 597,4 теңге / 64,80 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 290 981,4 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны; Т = 100 жыл; Р = 0
A = 290 981,4 /100/12+0=242,5 теңге айына 1 шаршы метрге.
2) Екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекен-жайы: Мәртөк ауылы, Иманов көшесі, № № 49П, 49Н, 49М, 49Л, 49К, 49Е, 49Д, 49Г, 49В.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: А= Ц/Т/12+Р
Ц = 19 758 000 теңге / 74,00 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 267 000 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны; Т = 100 жыл; Р = 0
A = 267 000 /100/12+0=222,5 теңге айына 1 шаршы метрге.
222,5 * 74,0 = 16 465 ай сайынғы жалдау ақысы
3) Төрт пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекен-жайы: Мәртөк ауылы, Маметова көшесі, № № 47Б, 47В, 47Г, 47Д, Иманов көшесі 40Д, 40Г, 40В, 40Б, 40А.
Ц = 14 560 000 теңге / 55,70 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 261 400 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны; Т = 100 жыл; Р = 0
A = 261 400 /100/12+0=217,8 теңге айына 1 шаршы метрге. 217,8 * 55,7 = 12 131 ай сайынғы жалдау ақысы
4) Екі-пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекен-жайы: Кеңсахара ауылы, Кенесары Хан көшесі, № № 1, 5, 3, 7. Ц = 22 000 000 теңге / 86,60 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 261 400 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны; Т = 100 жыл; Р = 0
A = 254 041 /100/12+0=211,7 теңге айына 1 шаршы метрге.
217,8 * 55,7 = 18 333 ай сайынғы жалдау ақысы