"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына елу пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Сүйінтаева |