Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Сандықтау ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:
жасына байланысты зейнеткерлерге.
2. Қаржыландыру көзі болып Сандықтау ауданының бюджеті анықталсын.
3. Осы бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің қаулысы және Сандықтау аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | С.Құдабай |
Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы | Г.Мустафина |