"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар cанаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы № 31-237 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | Р.Ғабдуллина |
| Зеренді аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 34-252 шешіміне қосымша |
Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері:
1) 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге әлеуметтік көмек ретінде.
2. Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі:
1) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
3) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
4) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады.