Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Өскемен қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:
1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 328 "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы;
2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 1761 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 328 "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы" Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
3. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |
| Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамыр № 1632 қаулысына қосымша |
"Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімде мынадай ведомстволары бар:
1) алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 05.07.2023 № 2171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2) Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
3) Өскемен қаласы әкімдігінің "ТАЗА ӨСКЕМЕН" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;
4) алып тасталды Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.11.2025 № 3733 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5) "Өскемен қаласының көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.11.2025 № 3733 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.11.2025 № 3733 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Казақстан көшесі, 27, пошталық индексі 070004.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) қаланың тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
3) қалада қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
4) заңнамамен белгіленген жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
құзыреті шегінде барлық ұйымдарда Бөлім мен мемлекеттің мақсат-мүдделерін ұсыну және олардың құқықтарын қорғау;
көріктендіру саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу.
2) міндеттері:
акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлестеріне, мемлекеттік заңды тұлғалар құқықтарының субъектісіне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыру, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдау;
әзірлеуші Бөлім болып табылатын, қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау;
қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар бойынша сот қараған кезде сотқа жүгінуге және қатысуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру;
2) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылымның объектілерін, қаланың байланыс желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес туысы жоқ адамдарды жерлеу және орындарының зираттарын күтіп-ұстауды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
4) зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналастырады;
5) қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде қала аумағын көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды және қоғамдық орындарды сыртқы ресімдеуді ұйымдастыру;
6) заңнамамен берілген жергілікті атқарушы органның өкілеттіктер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;
7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, қалалық жолдар, көріктендіру объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
8) қалалық жолдарды, тұрғын үй-коммуналдық және коммуналдық мақсаттағы көріктендіру объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;
9) қаланың жол-көпір шаруашылығы және көріктендіру объектілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
10) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастыру, маршруттарды бекіту жөніндегі жұмыстар, оларға қызмет көрсету құқығында конкурстарды ұйымдастыру және өткізу және Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес маршруттар бойынша олардың қозғалыс кестесін бекіту;
11) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
12) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;
13) қалалық, қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды ұйымдастыру;
14) қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
15) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
16) ағаштарды кесуге рұқсат беру;
17) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларының техникалық жағдайына және пайдалануларына, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығына және жүзеге асырылуына және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру;
18) жылу желілеріндегі (магистралдық, кварталішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу;
19) жылу желілерін (магистралдық, кварталішілік) жоспарлы жөндеулерді келісу;
20) барлық қуаттылықтағы жылыту қазандықтарының және жылу желілерінің (магистралдық, кварталішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындық паспорттарын беру;
21) тұтынушылардың жылу энергиясынан шектелуіне, қазандықтардың энергетикалық жабдығының бүлінуіне әкеп соққан жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізу;
22) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
23) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
24) қаланың жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен айналысу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
25) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
26) коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жиналу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу;
27) қаланың жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсыну үшін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
28) қаланың жергілікті өкілді органдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бойынша ұсыныстар әзірлеу;
29) коммуналдық қалдықтарды басқару және олардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
30) коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды құруды және оның жұмыс істеуін, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қамтамасыз ету;
31) коммуналдық органикалық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компостерлеу арқылы ынталандыру;
32) экологиялық заңнаманың талаптарына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы Ережемен белгіленген қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде және қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру;
34) тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалауды ұйымдастыру;
35) тарихи ластануды жоюды ұйымдастыру;
36) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
37) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
38) қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
39) арнайы алаңдарда немесе автотұрақтарда ұсталған көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді сақтауды ұйымдастыру;
40) тұрғылықты жері бойынша қоғамдық орындарда қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарды қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру;
41) тұрақты жұмыс орны жоқ және оқумен айналыспайтын, мәжбүрлі еңбекке тартылған, бас бостандығын шектеуге сотталғандар үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру және айқындау;
42) қаланың жергілікті атқарушы органының өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде);
электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде);
энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);
әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);
электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);
технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);
электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыс жайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);
Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде);
жылу желілерін бүлдiру (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде);
электр және жылу желілері жолдарының күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде);
орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде);
жарық беру мақсатында ауыспалы тоқ тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалану түрінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу;
ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау;
43) қала көшелерінің тізбесін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу;
44) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес қала жолдарын, көшелерін салу, реконструкциялау, пайдалану, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
45) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн мөлшерлемелердің мөлшерiн әзiрлеу;
46) қала көшелерінің желісін басқару, қаланың көше-жол желісін дамытуды жоспарлау;
47) қаланың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
47-1) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде ілеспе дыбыс және жарық сигналдары бар арнаулы бағдаршамдарды, жол белгілерін және нұсқағыштарды, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды қамтамасыз етеді;
47-2) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;
47-3) балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
47-4) әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдаудың тарифтерін есептеу;
48) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
49) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.11.2025 № 3733 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын өз құзыретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;
2) Бөлімнің құрылымын дербес анықтайды;
3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді белгіленген тәртіпте шақырады;
4) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
5) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін қорғайды;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауап береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.