Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 45, 46, 47-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 130-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жангелдин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мен "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. "Жангелдин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі 1-қосымшаға және "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бөлу актісі бекітілсін.
5. Мекемелердің Ережелерiн бекiту және оларды әдiлет органдарында тiркеудi және қайта тiркеудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ш. Оспанов |
Жангелдин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "___" _________ № _____ "Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы" қаулысына келісу парағы
Әкімдік мүшелері:
___________________ А. Талпаков
___________________ Д. Бидашев
___________________ Е. Алматов
___________________ Н. Сейтказиев
___________________ Г. Ұзаққызы
___________________ Ж. Кошеметова
___________________ Е. Имангалиев
"Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кадрлармен жұмыс және заң бөлімінің басшысы |
"Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
КЕЛІСІЛДІ
"Жангелдин ауданы әкімінің
аппараты" ММ басшысы
____________ Н. Сейтказиев
"Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Жангелдин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мындай ведомстволары бар:
1) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі;
2) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
3) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Қ.Алтынсары көшесі, № 69А ғимарат.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
13. Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
14. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, іске асыру;
2) мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сала проблемаларын шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.
3) мәдениет және тілдерді дамыту саласын насихаттауды жүзеге асыру;
4) мәдениет және тілдерді дамытуды қолдау және ынталандыру;
5) мәдениет және тілдерді дамытудың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
6) "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Жангелдин ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру, аудан аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдай жасау, азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру бостандығына құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу, шығармашылық, мәдени қызмет, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру, демалыс саласын дамытуға, халықтың әртүрлі топтарының мәдени-демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру, аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын іске асыру, халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің іске асырылуы туралы хабардар ету болып табылады;
7) маңдайшаларды ауылдарда орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды және әкімшілік жаза қолданады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 04.11.2025 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1) құқықтар:
өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдары мен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
қарамағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мәселелер және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар аудан ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
заңды тұлғалар мен азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатыпалу, сотта талапкер және жауапкер болу;
2) міндеттері:
мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
16. Мемлекеттік органның функциялары:
"Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары болып табылатындар:
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және түсіндіру;
"Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы.
аймақтық тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаның орындалуын қолдау;
мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету;
тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
ауданда ұлтаралық бірлік пен тұрақтылықты сақтау және нығайту, мәдени мұраны жеткізу;
тарих пен мәдениет ескерткіштерін пайдалану, қалпына келтіру және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
"Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелері бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдарды және құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
20. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бөлімінің атынан өкілдік етеді;
2) "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
3) "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
4) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде ғана бұйрықтар шығарады;
5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады және көтермелеу шараларын қолданады;
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
8) "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
21. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық немесе мемлекеттік меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі, орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Кайнекей көшесі, 7 ғимарат;
2) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі, орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Қ.Алтынсары көшесі, 69А ғимарат;
3) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Қ.Алтынсары көшесі, 69А ғимарат;
| Жангелдин ауданы әкімдігінің | |
| 20__ жылғы ___ ___________ | |
| № ____ қаулысымен | |
| бекітілген |
"Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі) әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ведомство жоқ.
3. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Тоқтабаев көшесі, 30.
10. Осы Ереже "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті және облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) спорттық материалдық-техникалық базаны нығайту және қалпына келтіру, инфрақұрылымды дамыту.
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
белгіленген заңнамалық тәртіппен "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
"Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінік беру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттер:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) аудандық дене шынықтыру - спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетеді;
7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетеді;
8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
9) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
10) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
12) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
13) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
15) Спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
16) Аудандық мамандандырылмаған балалар – жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
2) "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
4) "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
19. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.