On approval of the Rules of formation, maintenance and use of the roster of investors

Order of the Deputy Prime Minister - Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan dated February 26, 2025 № 11-1-4/104. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on February 27, 2025 № 35754

      Pursuant to paragraph 5 of Article 282-3 of the Entrepreneur Code of the Republic of Kazakhstan, I hereby ORDER:

      1. To approve the attached Rules of formation, maintenance and use of the roster of investors.

      2. As prescribed by law the Investment Committee of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan shall:

      1) ensure the state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) post this order on the Internet resource of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan after its official publication;

      3) report to the Department of Legal Service of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan within ten working days after state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan, on the execution of the actions referred to in subparagraphs 1) and 2) of this paragraph.

      3. Control over the execution of this order shall be assigned to the supervising Deputy Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan.

      4. This order shall be enforced ten calendar days after the date of its first official publication.

      Deputy Prime Minister
- Minister of Foreign Affairs
of the Republic of Kazakhstan
M. Nurtileu

      "Agreed"
Ministry of Finance
of the Republic of Kazakhstan

      "Agreed"
Ministry of National Economy
of the Republic of Kazakhstan

  Approved by order
of the Deputy Prime Minister
- Minister of Foreign Affairs
of the Republic of Kazakhstan
dated February 26, 2025
  № 11-1-4/104

The Rules of formation, maintenance and use of the roster of investors Chapter 1. General provisions

      1. These Rules of formation, maintenance and use of the roster of investors (hereinafter – the Rules) have been developed pursuant to paragraph 5 of Article 282-3 of the Entrepreneur Code of the Republic of Kazakhstan and establish the procedure of formation, maintenance and use of the roster of investors.

      2. Main notions used in these Rules:

      1) national pool of investment projects – the list of investment projects under implementation and under development in all sectors of the economy, worth over one hundred and fifty thousand times the monthly calculation indicator established by the law on the republican budget and effective as of January 1 of the relevant fiscal year, as well as investment projects implemented on the basis of investment contracts initiated by private business entities (domestic and foreign investors);

      2) national company for investment attraction (hereinafter - National Company) - a legal entity with the status of a national company in the field of investment attraction and its regional representatives and representative offices, pursuing its activities under Article 282-2 of the Entrepreneur Code of the Republic of Kazakhstan;

      3) roster of investors – electronic database containing information on investors, investment amounts, types of investment projects, their realization stages and other information on investment activity in the territory of the Republic of Kazakhstan;

      4) National Digital Investment Platform (hereinafter - NDIP) - a unified information system for comprehensive support of investment projects, the creation, management and technical support of which is performed by the authorized body for investments.

Chapter 2. Procedure of forming and maintaining the roster of investors

      3. The roster of investors is formed and maintained automatically in NDIP on the basis of data on investment projects included in the National Pool of investment projects.

      4. The data is included in the investor roster automatically after formation of the investment project passport in the NDIP.

      5. The National Pool of investment projects shall be formed in accordance with paragraph 2 of Chapter 4 of the Rules for the organization of a “single window” for investors, as well as the procedure for interaction in attracting investments, approved by order of the Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan dated June 26, 2023 № 11-1-4/327 (registered in the Register of State Registration of Regulatory Legal Acts under № 32910).

Chapter 3. Procedure of using the roster of investors

      6. An individual or legal entity shall use the “Roster of Investors” section of the NDIP to check the presence of an individual or legal entity in the roster of investors by entering the individual identification number for an individual or the business identification number for a legal entity in the “Search” field and to obtain information about inclusion or absence of this person in the roster of investors.

Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11-1-4/104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 ақпанда № 35754 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-3-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сыртқы істер Министрі
М. Нұртілеу

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сыртқы істер Министрі
2025 жылғы 26 ақпандағы
№ 11-1-4/104 Бұйрықпен
бекітілген

Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-3-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы – құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын инвестициялық келісімшарттар негізінде іске асырылатын инвестициялық жобалар;

      2) алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 07.08.2025 № 11-1-4/475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) инвесторлар тізілімі – инвесторлар, инвестициялардың сомалары, инвестициялық жобалардың түрлері, оларды іске асыру кезеңдері туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы басқа да мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;

      3-1) инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулы – өңірлік инвестициялық штаб шешімімен бекітілген критерийлерге сәйкес болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшеріне дейінгі, бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын, экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардың тізбесі;

      4) ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (бұдан әрі – ҰЦИП) –инвестициялық жобаларды кешенді қолдап отырудың бірыңғай ақпараттық жүйе, оны құруды, басқаруды және техникалық қолдауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 07.08.2025 № 11-1-4/475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 тарау. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру және жүргізу ҰЦИП шеңберінде автоматты режимде инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарына енгізілген инвестициялық жобалар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 07.08.2025 № 11-1-4/475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мәліметтерді инвесторлар тізіліміне енгізу автоматты режимде инвестициялық жобаның паспорты ҰЦИП-те қалыптастырылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      5. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарын қалыптастыру 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығымен бекітілген Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32910 болып тіркелген).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 07.08.2025 № 11-1-4/475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 тарау. Инвесторлар тізілімін пайдалану тәртібі

      6. Жеке немесе заңды тұлға "Іздеу" жолына жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірін немесе заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін енгізу және осы тұлғаның инвесторлар тізіліміне енгізілуі немесе болмауы туралы мәліметтерді алу жолымен инвесторлар тізілімінде жеке және заңды тұлғаның бар-жоғын тексеру үшін ҰЦИП-дағы "Инвесторлар тізілімі" бөлімін пайдаланады.