О внесении изменений в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 5 апреля 2024 года № 16/1 "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 23 июля 2026 года № 43/2. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июля 2026 года № 39384

      Маслихат района Шал акына Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 5 апреля 2024 года № 16/1 "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7744-15) следующие изменения:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) маслихат района Шал акына Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:";

      Размер и правила оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области, определенные в приложении 1 указанного решения, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата района Шал акына после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области К. Жангужинов

  Приложение к решению
  маслихата района Шал акына
  Северо-Казахстанской области
  от 23 июля 2026 года № 43/2
  Приложение 1 к решению
  маслихата района Шал акына
  Северо-Казахстанской области
  от 5 апреля 2024 года № 16/1

Размер и правила оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель) района Шал акына Северо-Казахстанской области, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище либо его части на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателей, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи в порядке, согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее – Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на текущие и накопительные взносы, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, в размере 5 (пяти) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в соответствии с пунктом 4-1 Правил.

      5. Жилищная помощь назначается один раз в квартал независимо от времени подачи документов в текущем квартале по совокупному доходу и по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных расходах на текущие и накопительные взносы и счетам на оплату коммунальных услуг предыдущего квартала.

      6. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      7. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "цифрового правительства", начиная с 25 числа месяца, следующего за предыдущим кварталом.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "цифрового правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается услугодателем.

      Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      8. Назначение жилищной помощи получателям жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

      Излишние или необоснованно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату услугополучателем в добровольном порядке, а в случае отказа в установленном законодательством порядке.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется услугодателем через банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта" путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      Перечисление денежных сумм на счета производится услугодателем ежемесячно за истекший месяц.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 16/1 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2026 жылғы 23 шілдедегі № 43/2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 шілдеде № 39384 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы" 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 16/1 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7744-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында айқындалған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Шал ақын ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы К. Жангужинов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы мәслихатының
  2026 жылғы 23 шілдедегі
  № 43/2 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 5 сәуірдегі
  № 16/1 шешіміне 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы немесе оның бөліктері ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылар тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес тәртіппен есептеледі.

      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.

      5. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның жиынтық табысы бойынша және жеткізушілер ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттарға және коммуналдық қызметтерге төлемге шоттар бойынша тоқсанына бір рет тағайындалады.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "цифрлық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін алушыларға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Артық немесе негізсіз алынған тұрғын үй көмегінің сомаларын көрсетілетін қызметті алушы ерікті негізде, ал бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға жатады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару көрсетілетін қызметті берушімен ай сайын өткен айға жүргізіледі.