О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 27 марта 2024 года № 72/22 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Щербактинском районе"

Решение Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 8 мая 2026 года № 178/60. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 мая 2026 года № 38704

      Щербактинский районный маслихат Павлодарской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Щербактинского районного маслихата Павлодарской области "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Щербактинском районе" от 27 марта 2024 года № 72/22 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7530-14) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Щербактинском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Щербактинском районе согласно приложению к настоящему решению.";

      в размере и порядке оказания жилищной помощи в Щербактинском районе, утвержденных указанным решением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Размер и Правила оказания жилищной помощи в Щербактинском районе";

      в Приложение, утвержденном указанным решением:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, в размере 5 процентов.";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом Приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила).";

      пункт 5 исключить;

      пункты 6, 7 изложить в новой редакции:

      "6. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах норм, указанных в пункте 4-1 Правил.

      7. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).";

      пункт 9 изложить в новой редакции:

      "9. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата Щербактинского района" обеспечить государственную регистрацию и официальное опубликование настоящего решения в соответствии с порядком установленным действующим законодательством.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Г. Смаилханова

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы "Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 72/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 178/60 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 мамырда № 38704 болып тіркелді

      Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы "Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 72/22 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7530-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысы қызмет көрсетушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалатын тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.";

      5-тармақ алынып тасталсын;

      6, 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін қызмет көрсетуші Қағидлардың 4-1-тармағында көрсетілген нормалар шегінде есептейді.

      7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" № 295/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданндық маслихат төрағасы Г. Смаилханова