О внесении изменений в решение Иртышского районного маслихата от 22 мая 2024 года № 74-21-8 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по Иртышскому району"

Решение Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 18 марта 2026 года № 161-50-8. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2026 года № 38188

      Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Иртышского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по Иртышскому району" от 22 мая 2024 года № 74-21-8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7546-14) следующие изменения:

      заголовок вышеуказанного решения изложить в новой редакции следующего содержания:

      "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи по Иртышскому району";

      пункт 1 вышеуказанного решения изложить в новой редакции следующего содержания:

      "1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи по Иртышскому району согласно приложению к настоящему решению.";

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Иртышского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе государственного учреждения "Аппарат Иртышского районного маслихата" после его первого официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Иртышского районного маслихата
      Б. Шингисов

  Приложение к решению
Иртышского районного
маслихата
от 18 марта 2026 года
№ 161-50-8
Приложение к решению
Иртышского районного
маслихата
от 22 мая 2024 года № 74-21-8

Размер и Правила оказания жилищной помощи по Иртышскому району

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище на территории Иртышского района, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателей, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, в размере 5 (пяти) процентов.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Иртышского района" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      3. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденным приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее – Правила).

      4. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      5. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства" с предоставлением перечня документов согласно пункту 8 приложения 2 Правил.

      6. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      7. Жилищная помощь назначается сроком на один квартал независимо от времени подачи документов в текущем квартале по совокупному доходу и расходам на содержание жилища и коммунальных услуг предыдущего квартала.

      8. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом Правилами.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется услугодателем через банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта" путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      10. При представлении семьей заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, заявителю и его семье выплата жилищной помощи прекращается на весь период ее назначения.

Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы "Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 74-21-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы № 161-50-8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 наурызда № 38188 болып тіркелді

      Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс аудандық мәслихатының "Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 22 мамырдағы № 74-21-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7546-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1- тармағы мынадай мазмұнында жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді алғаш ресми жарияланғаннан кейін "Ертіс аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы
      Б. Шингисов

  Ертіс аудандық мәслихатының
2026 жылғы 18 наурыздағы
№ 161-50-8 шешіміне
қосымша
Ертіс аудандық мәслихатының
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 74-21-8 шешіміне
қосымша

Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Ертіс ауданының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      3. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы"Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші есептейді.

      4. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы"№ 295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттігіне орай) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидалардың 2-қосымшасының 8-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсына отырып, тоқсанына бір рет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      6. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуденбас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге кеткен жиынтық кіріс пен шығыстар бойынша бір тоқсан мерзімге тағайындалады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен көрсетілетін қызметті берушілерге тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептеледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

      10. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған кезде өтініш берушіге және оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындаудың бүкіл кезеңінде тоқтатылады.