О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Текели

Совместное решение маслихата города Текели области Жетісу от 26 января 2026 года № 42-172 и постановление акимата города Текели области Жетісу от 26 января 2026 года № 2

      В соответствии со статьей 33 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", статьями 6 и 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 5, 6 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" Текелийский городской маслихат РЕШИЛ и акимат города Текели ПОСТАНОВИЛ:

      1. Предоставить право на льготный бесплатный проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) следующим отдельным категориям граждан города Текели:

      1) лицам с инвалидностью первой и второй группы;

      2) пенсионерам в возрасте 70 лет и старше;

      3) дети-сироты до 23 лет;

      4) учащихся среднего (школы), технического и профессионального образования (колледж), за исключением летних каникул;

      5) многодетные матери (четверо детей и более, до 18 лет);

      6) участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним.

      2. Предоставить право на льготный проезд пятьдесят процентов от стоимости тарифа на городском общественном транспорте (кроме такси) следующим отдельным категориям граждан города Текели:

      1) лицам с инвалидностью третьей группы;

      2) лицам, сопровождающим детей с инвалидностью до восемнадцати лет.

      3. Определить источником финансирования бюджет города Текели.

      4. Контроль за исполнением настоящего совместного решения и постановления возложить на курирующего заместителя акима города Текели.

      5. Настоящее совместное решение и постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Текели А. Әділ
      Председатель Текелийского городского маслихата Б. Тугулбаев

Текелі қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы

Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 42-172 шешімі және Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 2 бірлескен қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабына, "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 37 баптарына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6 баптарына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Текелі қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығы берілсін:

      1) Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      2) 70 жастан асқан зейнеткерлерге;

      3) 23 жасқа дейінгі жетім балалар;

      4) Орта (мектеп), техникалық және кәсіптік білім (колледж) оқушыларына, жазғы демалысты қоспағанда;

      5) Көп балалы аналар (төрт балалы және одан да көп, 18 жасқа толмаған);

      6) Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға.

      2. Текелі қаласы азаматтарының мынадай жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының елу пайызы көлемінде жеңілдетілген жол жүру құқығы берілсін:

      1) Үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      2) Он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.

      3. Қаржыландыру көзі Текелі қаласының бюджеті болып айқындалсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі А. Әділ
      Текелі қалалық мәслихатының төрағасы Б. Тугулбаев