О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 258-НҚ "Об утверждении размеров фактических затрат на копирование или печать и порядка их оплаты обладателю информации, а также порядка освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать"

Приказ и.о. Министра культуры и информации Республики Казахстан от 8 июля 2026 года № 328-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июля 2026 года № 39268

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 258-НҚ "Об утверждении размеров фактических затрат на копирование или печать и порядка их оплаты обладателю информации, а также порядка освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 32902) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении размеров фактических затрат на копирование или печать и правил их оплаты обладателю информации, а также правил освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые:

      1) Размеры фактических затрат на копирование или печать и правила их оплаты обладателю информации;

      2) Правила освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать.";

      Размеры фактических затрат на копирование или печать и правила их оплаты обладателю информации, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу;

      в Правилах освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать, утвержденном указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Пользователи информации, указанные в пункте 1 настоящих Правил освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать, освобождаются от оплаты при представлении обладателю информации документов, подтверждающих соответствующий статус.".

      2. Департаменту развития коммуникаций государства и общества Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра культуры и информации
Республики Казахстан
К. Искаков

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра культуры и информации
Республики Казахстан
от 8 июля 2026 года № 328-НҚ
  Приложение 1 к приказу
Министра информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 23 июня 2023 года № 258-НҚ

Размеры фактических затрат на копирование или печать и правила их оплаты обладателю информации

Глава 1. Размеры фактических затрат на копирование или печать

      1. Расходы на изготовление копий запрашиваемых документов и (или) материалов оплачиваются пользователем информации в следующем размере:

      0,1 % месячного расчетного показателя за каждую страницу запрашиваемой информации – в случае, если запрашиваемая информация предоставляется в формате А4;

      0,2 % месячного расчетного показателя за каждую страницу запрашиваемой информации – в случае, если запрашиваемая информация предоставляется в формате А3;

      2 % месячного расчетного показателя за каждую страницу запрашиваемой информации – в случае, если запрашиваемая информация представляется в форматах от А2 или А1;

      5 % месячных расчетных показателей за каждую страницу запрашиваемой информации – в случае, если запрашиваемая информация представляется в формате, превышающем формат А0.

      Требования, установленные настоящими Размерами фактических затрат на копирование или печать не распространяется на правоотношения, регулируемые Законом Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах".

Глава 2. Порядок оплаты фактических затрат на копирование или печать

      2. Запрашиваемая информация представляется обладателем информации вне зависимости от форм собственности с учетом требований настоящего приказа в объеме и формате имеющихся у обладателя информации документов и (или) материалов.

      3. Обладатель информации подсчитывает стоимость фактических затрат в соответствии с Размерами фактических затрат на копирование или печать и выставляет счет пользователю информации в течение 7 рабочих дней со дня регистрации полученного в установленном порядке запроса.

      При этом обладателем информации указываются:

      1) объем и формат запрашиваемых документов и (или) материалов;

      2) размер расходов на изготовление копий запрашиваемых документов и (или) материалов;

      3) информация, необходимая для заполнения платежного документа на перечисление платы за представление запрашиваемой информации;

      4) срок внесения пользователем информации платы за предоставление запрашиваемой информации, не превышающий пятнадцать календарных дней.

      4. Если обладателем информации являются государственный орган или государственное учреждение, не являющееся государственным органом, пользователь информации осуществляет перечисление платы за представление информации в государственный бюджет в соответствии с пунктом 2 настоящих Правил оплаты фактических затрат на копирование или печать обладателю информации (далее – Правила).

      5. Если обладателем информации является субъект квазигосударственного сектора, исполнитель функций центральных и (или) местных исполнительных органов, а также в случае, если информация запрашивается у юридических лиц в части, касающейся использования средств, выделенных им из государственного бюджета, обладаемой ими экологической информации, информации о чрезвычайных ситуациях, природных и техногенных катастрофах, их прогнозах и последствиях, состоянии пожарной безопасности, санитарно-эпидемиологической и радиационной обстановке, безопасности пищевых продуктов и других факторов, оказывающих негативное воздействие на здоровье и обеспечение безопасности граждан Республики Казахстан, населенных пунктов и производственных объектов, а также цен на производимые (реализуемые) субъектами государственной монополии товары (работы, услуги), пользователь информации осуществляет перечисление платы за предоставление информации на счет обладателя информации в соответствии с пунктом 2 Правил.

      6. Информация, представляемая на платной основе, направляется (передается) пользователю информации после оплаты им предоставления указанной информации в соответствии с требованиями пункта 3 настоящих Правил и предоставления обладателю информации платежного документа, подтверждающего оплату.

"Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 328-НҚ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 шілдеде № 39268 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату қағидасын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар бекітілсін:

      1) Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасы;

      2) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату қағидасы бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату қағидасы";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату осы Қағиданың 1-тармақта көрсетілген ақпарат пайдаланушылар ақпарат иеленушіге тиісті мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынған кезде төлемнен босатылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
К. Искаков

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 8 шілдедегі
№ 328-НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі
2023 жылғы 23 маусымдағы
№ 258-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу қағидасы

1-тарау. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшері

      1. Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалатын шығындарды ақпарат пайдаланушы мынадай мөлшерде төлейді:

      сұрау салынатын ақпарат А4 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,1 %-ы;

      сұрау салынатын ақпарат А3 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,2 %-ы;

      сұрау салынатын ақпарат А2 немесе А1 пішімдерінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 2 %-ы;

      сұрау салынатын ақпарат А0 пішімінен асатын пішімде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 5 %-ы.

      Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшерімен белгіленген талаптар "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

2-тарау. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу тәртібі

      2. Ақпарат иеленуші меншік нысанына қарамастан, сұрау салынатын ақпаратты осы бұйрықтың талаптарын ескере отырып, өзінде бар құжаттар және (немесе) материалдар көлемінде және пішімінде ұсынады.

      3. Ақпарат иеленуші Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшеріне сәйкес нақты шығындардың құнын есептейді және ақпарат пайдаланушыға белгіленген тәртіппен алынған сұраудың тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде шот ұсынады.

      Бұл ретте ақпарат иеленуші:

      1) сұрау салынатын құжаттың және (немесе) материалдың көлемі мен пішімін;

      2) сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалған шығыстар мөлшерін;

      3) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін төлемді аударуға төлем құжатын толтыру үшін қажетті ақпаратты;

      4) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін ақпарат пайдаланушының төлемді енгізуінің он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімін көрсетеді.

      4. Ақпарат иеленуші мемлекеттік орган немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы ақпаратты ұсыну үшін төлемді Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу Қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджетке аударуды жүзеге асырады.

      5. Ақпарат иеленуші квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы болып табылса, сондай-ақ егер ақпарат заңды тұлғалардан, оларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға, олардың иелігіндегі экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық ахуал, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпаратқа және Қазақстан Республикасының азаматтарының елді мекендермен өндіріс объектілерінің амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсері бар басқа да факторларға, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектілерімен өндіретін (өткізетін), тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты бөлікте сұратылған жағдайда ақпарат пайдаланушы осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес ақпарат иеленушінің шотына ақпарат бергені үшін төлемді аударуды жүзеге асырады.

      6. Ақылы негізде берілетін ақпарат осы Қағиданың 3-тармағының талаптарына сәйкес көрсетілген ақпараттың ұсынылғаны үшін ақпарат пайдаланушы төлем жүргізгеннен кейін және ақпарат иеленушіге төленгенін растайтын төлем құжаты ұсынғаннан кейін жолданады (беріледі).