Об утверждении Правил и сроков прохождения повышения квалификации сотрудников регионального уполномоченного органа по защите прав детей Республики Казахстан

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 29 апреля 2026 года № 105-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 мая 2026 года № 38649

      В соответствии с пунктом 2 статьи 7-14 Закона Республики Казахстан "О правах ребенка в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и сроки прохождения повышения квалификации сотрудников регионального уполномоченного органа по защите прав детей Республики Казахстан.

      2. Комитету по охране прав детей Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Ж. Сулейменова

  Утверждены приказом
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 29 апреля 2026 года
№ 105-НҚ

Правила и сроки прохождения повышения квалификации сотрудников регионального уполномоченного органа по защите прав детей Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и сроки прохождения повышения квалификации сотрудников регионального уполномоченного органа по защите прав детей Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 7-14 Закона Республики Казахстан "О правах ребенка в Республике Казахстан" и определяют порядок и сроки прохождения повышения квалификации сотрудниками регионального уполномоченного органа по защите прав детей Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) повышение квалификации – форма профессионального обучения, позволяющая поддерживать, расширять, углублять и совершенствовать ранее приобретенные профессиональные знания, умения и навыки;

      2) региональный уполномоченный орган по защите прав детей Республики Казахстан (далее – региональный уполномоченный орган) – местный исполнительный орган, осуществляющий координацию деятельности по защите основных прав и законных интересов детей, профилактике и раннему выявлению нарушений их прав, принятию мер по их восстановлению и защите, а также выполняющий функции государства по опеке или попечительству в отношении несовершеннолетних;

      3) сотрудник регионального уполномоченного органа по защите прав детей Республики Казахстан (далее – сотрудник) – лицо, имеющее профессиональное образование и осуществляющее деятельность по защите прав детей;

      4) уполномоченный орган в области защиты прав детей Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, определяемый Правительством Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области защиты прав детей;

      5) сертификат – документ, выдаваемый организацией сотрудникам, прошедшим итоговое оценивание в соответствии с программой повышения квалификации.

      3. Повышение квалификации осуществляется за счет средств регионального уполномоченного органа.

Глава 2. Порядок прохождения повышения квалификации сотрудников

      4. Повышение квалификации сотрудников организуется:

      1) в очной форме (с отрывом от трудовой деятельности и с сохранением заработной платы);

      2) в дистанционной форме, в случаях введения чрезвычайного положения, ограничительных мероприятий, в том числе карантина, на соответствующих административно-территориальных единицах (на отдельных объектах), объявления чрезвычайных ситуаций.

      5. Повышение квалификации сотрудников проводится организациями, ведущими деятельность по повышению квалификации сотрудников организаций, осуществляющих функции по защите прав детей и органов по защите прав детей (далее – организация).

      6. Продолжительность повышения квалификации составляет не менее 40 академических часов. При этом академический час повышения квалификации составляет 45 минут.

      Повышение квалификации сотрудников осуществляется не реже одного раза в два года независимо от их стажа.

      7. Региональный уполномоченный орган района (города областного значения) ежегодно до 1 ноября формирует список сотрудников, подлежащих повышению квалификации, на предстоящий календарный год и направляет его в региональный уполномоченный орган области, города республиканского значения и столицы.

      8. Региональный уполномоченный орган области, города республиканского значения и столицы ежегодно до 1 декабря формирует и утверждает сводный список сотрудников, подлежащих повышению квалификации, на предстоящий календарный год.

      9. Сотрудники направляются на повышение квалификации на основании приказа руководителя регионального уполномоченного органа с указанием сроков обучения, наименования организации.

      10. Образовательный процесс регламентируется расписанием занятий организации.

      11. Сотрудник подписывает соглашение на повышение квалификации с организацией с указанием следующих условий прохождения повышения квалификации:

      1) обучаться согласно установленному расписанию занятий;

      2) соблюдать учебную дисциплину и нормы поведения, в том числе проявлять уважение к профессорско-преподавательскому составу и другим обучающимся, не посягать на их честь и достоинство;

      3) пройти итоговое тестирование.

      При нарушении сотрудником установленных соглашением условий организация уведомляет региональный уполномоченный орган.

      12. По завершении образовательной программы организация выдает сотрудникам сертификат по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      13. Сотрудникам, не прошедшим итоговое тестирование, организацией выдается справка о прослушивании программы повышения квалификации в произвольной форме.

      Сотрудники, не получившие сертификат, имеют возможность:

      1) на повторное тестирование, не более одного раза в год;

      2) на перевод по уважительной причине (болезнь, чрезвычайные ситуации, стихийные бедствия) из одного учебного потока в другой в течение текущего года.

      14. Организация ведет журнал регистрации сертификатов по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

  Приложение 1
к Правилам и срокам прохождения
повышения квалификации
сотрудников регионального
уполномоченного органа
по защите прав детей
Республики Казахстан
  Форма

логотип организации

официальное наименование организации

СЕРТИФИКАТ №

      Настоящим сертификатом подтверждается, что ____________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии))
прошел (ла) повышение квалификации ________________ в объеме ___________
академических часов. ____________________________________ (форма обучения)
(дата проведения)
Дата выдачи: "_____" ___________20 года
Руководитель организации (подпись)

  Приложение 2
к Правилам и срокам прохождения
повышения квалификации
сотрудников регионального
уполномоченного органа
по защите прав детей
Республики Казахстан
  Форма

Журнал регистрации сертификатов о прохождении повышения квалификации

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер

Место работы, должность

№ сертификата

Дата выдачи







Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 мамырда № 38649 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 105-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту тәртібін мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы (бұдан әрі – өңірлік уәкілетті орган) – балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі шараларды қабылдау қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын орындайтын жергілікті атқарушы орган;

      3) Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органның қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) – кәсіби білімі бар және балалардың құқықтарын қорғау қызметін жүзеге асыратын тұлға;

      4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) сертификат – біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес қорытынды бағалаудан өткен қызметкерлерге берілетін құжат.

      3. Біліктілікті арттыру өнірлік уәкілетті орган қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Қызметкерлердің біліктілігін арттырудан өту тәртібі мен мерзімдері

      4. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мынадай тәртіппен ұйымдастырылады:

      1) күндізгі нысанда (жалақысын сақтай, еңбек қызметінен қол үзе отырып);

      2) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда қашықтан оқыту нысанында.

      5. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды балалардың құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдар мен балалардың құқықтарын қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін жүргізетін ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) өткізеді.

      6. Біліктілікті арттыру ұзақтығы кемінде 40 академиялық сағатты құрайды. Бұл ретте біліктілікті арттырудың академиялық сағаты 45 минутты құрайды.

      Қызметкерлердің біліктілігін арттыру олардың өтіліне қарамастан кемінде екі жылда бір рет жүзеге асырылады.

      7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өңірлік уәкілетті органы жыл сайын 1 қарашаға дейін біліктілігін арттыруға жататын қызметкерлердің алдағы күнтізбелік жылға арналған тізімін қалыптастырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өңірлік уәкілетті органына жібереді.

      8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өңірлік уәкілетті органы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін біліктілігін арттыруға жататын қызметкерлердің алдағы күнтізбелік жылға арналған жиынтық тізімін қалыптастырады және бекітеді.

      9. Қызметкерлер оқыту мерзімдерін, ұйымның атауын көрсете отырып, өңірлік уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде біліктілігін арттыруға жіберіледі.

      10. Білім беру процесі ұйымның сабақ кестесімен реттеледі.

      11. Қызметкер біліктілікті арттырудан өтудің мынадай шарттарын көрсете отырып, ұйыммен біліктілікті арттыруға арналған келісімге қол қояды:

      1) белгіленген сабақ кестесіне сәйкес оқу;

      2) оқу тәртібі мен мінез-құлық нормаларын сақтау, оның ішінде профессор-оқытушылар құрамына және басқа да білім алушыларға құрмет көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпау;

      3) қорытынды тестілеуден өту.

      Қызметкер келісімде белгіленген шарттарды бұзған жағдайда, ұйым өңірлік уәкілетті органға хабарлайды.

      12. Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін ұйым қызметкерлерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.

      13. Қорытынды тестілеуден өтпеген қызметкерлерге ұйым біліктілікті арттыру бағдарламасын тыңдағаны туралы еркін нысанда анықтама береді.

      Сертификат алмаған қызметкерлердің келесіндей мүмкіндіктері болады:

      1) жылына бір реттен артық емес қайта тестілеуге қатысуға;

      2) дәлелді себептерге (ауру, төтенше жағдайлар, дүлей зілзала) байланысты ағымдағы жыл ішінде бір оқу легінен екіншісіне ауысуға мүмкіндігі бар.

      14. Ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттарды тіркеу журналын жүргізеді.

  Қазақстан Республикасының
балалардың құқықтарын қорғау
жөніндегі өңірлік уәкілетті
органы қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудан өту
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша

      Нысан

Ұйымның логотипі

ұйымның ресми атауы

СЕРТИФИКАТ №

      Осы сертификатпен _____________________

      (Тегі, аты әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ______академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткендігі расталады.

      Берілген күні "_____" ___________20 жыл

      Ұйым басшысы (қолы)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасының
балалардың құқықтарын қорғау
жөніндегі өңірлік уәкілетті
органы қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудан өту
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша

      Нысан

Біліктілікті арттырудан өткені туралы сертификаттарды тіркеу журналы

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі

Жұмыс орны, лауазымы

Сертификаттың №

Берілген күні