БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі
|
Е. Саденов
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 6 қазандағы № 750 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10565 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 309) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамсыз ету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Келіп түсетін әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды (бұдан әрі – қару-жарақ құралдарын) қабылдауды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оларды қабылдау, есепке алу, сақтау тәртібіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көліктегі полиция департаменттері (бұдан әрі – (К)ПД), қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – (К)ҚАПО) (К)ПД бастықтарының бұйрықтарымен әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды қабылдау және бақылау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар (бұдан әрі- комиссия) құрылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның құрамына (К)ПД әкімшілік және криминалдық полиция бөліністерінің, тергеу, өзіндік қауіпсіздік, тылдық қамтамасыз ету, жедел криминалистикалық бөліністерінің (бұдан әрі – ЖКб) және ақпараттандыру және байланыс бөлімшелерінің (бұдан әрі – АББ) қызметкерлері кіреді. Осы комиссияларды (К)ПД бастықтарының орынбасарларының бірі басқарады.
Көрсетілген комиссиялар қару-жарақ заттарын (К)ПД арттехқару-жарақ (бұдан әрі – АТҚЖ) қоймаларына қабылдауды, сондай-ақ (К)ПД, (К)ҚАПО осы Қағидалардың талаптарын сақтауы бойынша тексерісті жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. (К)ҚАПО-да қару-жарақ заттарын қабылдауды Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылауды (бұдан әрі – АҚҚАБ) жүзеге асыратын қызметкерлер немесе оның міндетін атқаратын қызметкерлер, түнгі және жұмыстан тыс уақытта ішкі істер органдарының жедел кезекшілері жүзеге асырады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) тіркелмеген барлық қарулар атуға жарамдылығын және оның үлгісін және түрін анықтау үшін ЖКб жолданады, егер сәйкестендіру нөмірі, маркасы, моделі немесе оларды анықтау мүмкін болмаған (бейнеленуі анық болмаған) жағдайда қарудың жойылған зауыттық нөмірін, таңбаларын анықтау бойынша криминалистикалық зерттеу жүргізу үшін қару (К)ПД ЖКб-ға жолданады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Ерікті түрде тапсырылған қаруды ЖКБ(б)-ның сұрау салуы бойынша анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) (К)ПД мұражайларында экспонаттау үшін беруге жол беріледі.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. ЖКБ анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру, Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД мұражайларында экспонаттау үшін беру тек АТҚЖ қоймасынан осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТҚБ-ның бастығы қол қоятын, шығыс хат-хабарлар журналына тіркелетін және (К)ПД елтаңбалық мөрімен бекітілетін қаруды беруге арналған жолдаманың негізінде ПД ТҚБ қызметкерлері жүргізеді.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Қару-жарақ заттарының қозғалысы (ЖКБ анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД мұражайларында экспонаттау үшін беру) туралы ақпаратты қойма меңгерушісі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АТҚЖ қоймасына келіп түскен алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, табылған қаруды және оқ-дәрілерді есепке алу журналына енгізеді, бір тәулік ішінде ІІО-да тіркелмеген қару бойынша ақпараттандыру және байланыс бөлімшелеріне БДБ-ға тиісті түзетулер енгізу үшін қарудың қозғалысы туралы ақпаратты қамтитын баянат жолданады, бір тәулік ішінде ІІО-да тіркелген қару бойынша АҚҚАБ қызметкеріне БДБ-ға тиісті түзетулер енгізу үшін қарудың қозғалысы туралы ақпаратты қамтитын баянат жолданады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған атыс қаруы жедел-криминалистикалық бөліністердің анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, ауыстыру Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД мұражайларында экспонаттауға қою үшін тек (К)ПД АТҚ қоймаларынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, (К)ПД бастығының жазбаша нұсқауымен беріледі.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. АТҚЖ қоймасынан ЖКБ(б)-ге, Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД мұражайларына экспонаттау үшін берілген қару мен оқ-дәрілерді осы бөлімшелер кіріске алады.
Қойма меңгерушісі АТҚЖ қоймасына келіп түскен алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған атыс қаруын және оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды есепке алу кітабында ол туралы тиісті жазба жүргізеді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. ІІМ, (К)ПД мұражайларына экспонаттау үшін берілетін қаруды қару-жарақ қызметінің қызметкерлері атуға жарамсыз күйге келтіреді:
1) ұңғының оқталатын бөлігінің төменгі жағынан (Шпагин-41 тапанша-пулеметінде – жоғарғы жағынан) сегментті ойық жасалады, сондай-ақ ұңғының басына оқжатарына қарай ені 4 мм, Калашников автоматы мен Калашниковтың қол пулеметінде ұзындығы – 48 мм, Симоновтың тез атқыш карабинінде – 38 мм, Шпагин-41 тапанша-пулеметінде – 51 мм, Дегтяревтің қол пулеметінде – 48 мм, Дегтярев пулеметі мен Дегтяревтің жетілдірілген пулеметінде – 65 мм, Драгуновтың мергендік винтовкасында – 60 мм, Калашников пулеметінде – 52 мм, 1938-1944 жылдар үлгісіндегі карабиндерде – 57 мм тесілген ойық жасалады;
2) шаппасы арамен кесіледі (қарудың барлық түрінде) соқыш, (Калашников автоматында, Калашниковтың жетілдірілген автоматында және Симоновтың тез атқыш карабинінде) шүріппесі немесе (Дегтяеревтің қол пулеметінде) соққы орнындағы бекіткіш раманың тіреуі кесіледі;
3) оқу қаруына жауынгерлік қарудың ұңғысын салуға кедергі жасайтын ұңғы қорабына (Шпагин-41 тапанша-пулеметінде, Дегтярев пулеметі мен Дегтяревтің жетілдірілген пулеметінде, Калашников пулеметінде) ұңғыны шектегіш салынады;
4) ұңғы қорабының ішінен шығып тұратын ұңғының шектегішіне енгізу үшін (Шпагин-41 тапанша-пулеметінде, Дегтярев пулеметі мен Дегтяревтің жетілдірілген пулеметінде, Калашников пулеметінде) ұңғының оқталатын бөлігіне тесік жасалады;
5) ұңғының алдыңғы бөлігінің жоғарғы жағына және ұңғы қорабының қақпағына ұзына бойы тесілген ойық жасалады;
6) соққылау-басу тетігі алып тасталады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің қызметкерлері тылдық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын тексеру жөніндегі қызметтік іссапар кезінде міндетті түрде комиссияның және АТҚЖ қоймалары меңгерушілерінің қызметтеріне осы Қағидалар талаптарының сақталуы мәніне тексеру жүргізеді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Қару-жарақ заттарын ІІО-дан АТҚЖ қоймасына дейін тасымалдауды барлық жүру жолдарында қару-жарақ заттарын тапсырушы ІІО-ның бастығы тағайындаған қарулы күзеттің ілесіп жүруімен мамандандырылған автокөлікте ІІО-ның қызметкерлері жүргізеді.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қаруды және оқ-дәрілерді ПД ТҚеБ(б)-ға тапсыру үшін қару мен оқ-дәрілерді тапсырушы ІІО-ның бастығы қол қойған хаты жолданады.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырушы ІІО-ның бастығы оң жауап алғаннан кейін АТҚЖ қоймасына тапсыруға жауапты адамды тағайындайды.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Одан әрі пайдалануға жарамсыз қызметтік қару мен оның патрондарын одан әрі жою үшін заңды тұлғалардан қару мен оқ-дәрілерді қабылдау аумақтығы бойынша АҚҚА бөлімшелеріне хабарлағаннан кейін (К)ПД бастығының немесе оның орынбасарының рұқсатымен осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды беру туралы жазбаша қолдаухат бойынша жүзеге асырылады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Одан әрі пайдалануға жарамды қызметтік қару мен оның патрондарын уақытша сақтау үшін заңды тұлғалардан қабылдау аумақтығы бойынша АҚҚА бөлімшелеріне хабарлағаннан кейін (К)ПД бастығының немесе оның орынбасарының рұқсатымен осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың жазбаша қолдаухаты бойынша жүзеге асырылады. Қолдаухатта егер қарудың иесі қолдаухатта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін дәлелсіз себептермен (науқастығына, ұзақ іссапар) ІІО-ға қаруды қайтару туралы өтініш жасамаған жағдайда тапсырылған қару өтеусіз мемлекеттің меншігіне өтеді.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери және арнайы жабдықтау базасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әскери және арнайы жабдықтау базасы) қоймасына, (К)ПД АТҚЖ мүлкі қоймасына қабылданған барлық қару-жарақ заттарына осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаруды, оқ-дәрілерді қабылдау актісі екі данада жасалады, оның әрбір парағына комиссия мүшелері, қойма меңгерушісі мен тапсырушы қызметкер қолдарын қояды.
Актінің бірінші данасы қару-жарақ қызметінде қалады және қару мен оқ-дәрілерді қоймаға кіріске алу үшін негіз болып табылады, екінші данасы тапсырушыда қалады және қаруды АТҚ қоймасына жайғастыру туралы БДБ-ге түзету енгізу үшін негіз болып табылады.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. (К)ПД-нің Қару-жарақ қызметі қабылданған, сақтауда тұрған және кәдеге жаратылған қару-жарақ заттары туралы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Тыл департаментіне ай сайын есеп жолдайды.";
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Әскери және арнайы жабдықтау базасының, (К)ПД АТҚЖ қоймаларына тапсыруға жататын қару, оқ-дәрілер тасымалдаған кезде олардың сақталуына кепілдік беретін арнайы ыдысқа орап салынады.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Қару-жарақ заттарын ІІО-дан Әскери және арнайы жабдықтау базасының қоймасына дейін кәдеге жарату үшін тасымалдауды (К)ПД ТҚЕБ, ТҚб бөлімшелерінің қызметкерлері арнайы автокөліктегі қарулы күзеттің және патрульдік автокөліктегі патрульдік полициясы экипажының ілесіп жүруімен жүзеге асырады.";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. (К)ҚАПО-да қару-жарақ заттарын сақтау, қаруды, оқ-дәрілерді сақтауға арналған бөлмелердегі АҚҚАБ қызметкерінің жеке мөрімен мөріленетін арнайы мақсаттағы металл шкафта жүзеге асырылады.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. (К)ҚАПО-да металл шкафтарда орналасқан қару-жарақ құралдарын сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер оларды АТҚЖ қоймасына жоюға немесе уақытша сақтауға, қару-жарақ саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкенге комиссиялық сату үшін тапсырғанға дейін не иесіне қайтарылғанға дейін, осы қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған кезде АҚҚАБ қызметкерлеріне жүктеледі.";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ІІО-да, АТҚЖ қоймаларына қабылдау, сақтау, есепке алу тәртібін тексереді:
1) (К)ҚАПО-ның бастықтары өз бөлімшелерінде – айына кемінде бір рет;
2) Қазақстан Республикасы (К)ПД тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мүшелері – тоқсанына кемінде бір емес, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің жетпей қалуына, артық шығуына, ұрлануына байланысты төтенше оқиғалар фактілері бойынша;
3) Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлері – (К)ПД-нің кешенді, инспекторлық, бақылау тексерістері кезінде, сондай-ақ қарудың және оқ-дәрілердің жетпей қалуына, артық шығуына, ұрлануына байланысты төтенше оқиғалар фактілері бойынша жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД жоспарларына сәйкес жылына бір рет алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды есепке алу, қабылдау және тапсыру есебінің дұрыстығына құжаттамалық ревизия жүргізіледі, сондай-ақ ішкі істер органдарында, заттай дәлелдемелер сақталатын камераларда, АТҚЖ қоймаларында барлық сақталып тұрған қару мен оқ-дәрілерге түгендеу жүргізіледі.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Қару-жарақ заттарының сақталуын тексеру кезінде:
(К)ҚАПО-да – АҚҚАБ қызметкерінің тапсырылған атыс қаруының және оқ-дәрілердің, жарылғыш материалдардың түбіртектерін ресімдеу тәртібі, ІІО жедел кезекшісінің қабылданған заттары туралы басшылыққа уақтылы баяндауы, (К)ПД ТҚЕБ қоймасына қаруды тасымалдау ережесі мен тапсыру мерзімдерінің сақталуы;
АТҚЖ қоймасында – қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш материалдарды қабылдау ережесін сақтау, қажетті құжаттарды ресімдеу, қабылданған қарудың санатын айқындаудың дұрыстығы тексеріледі. Барлық жағдайда қаруды нөмірі бойынша салыстыра тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған атыс қарулары, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдардың барлық жетіспеген, артық шыққан, жоғалған және бүлінген жағдайлары, сондай-ақ оларды есептен жасыру, ІІО-ның қызметкерлері иемденген фактілер туралы белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД-ге дереу хабарланады, содан соң бір айдың ішінде қызметтік тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың, кінәлі адамдарды жазалау туралы бұйрықтардың көшірмелері жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 16-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 17-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 536 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18849 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары (бұдан әрі – Бағдарламалар) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 2) – 11) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қолданылады";
3. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
1-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
1) жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар алу үшін:
жеке тұлғаның мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің (бұдан әрі – негізгі талаптар Тізбесі) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша негізгі талаптар Тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі өтініші;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімімен 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 бекітілген үшінші мемлекеттермен сауда жасауда Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі Кедендік одаққа мүше – мемлекеттердің әкелу немесе әкетуге тыйым салынатын және шектеу қойылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелу, әкету және транзиттеуге қорытындының бірыңғай нысанын толтыру бойынша әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытынды жобасының электрондық көшірмесі;
техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөніндегі аккредителген орган берген сәйкестік сертификатының немесе қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін оны сертификаттауды жүргізуге арналған шарттың электрондық көшірмесі (сәйкестікті растау, медициналық-биологиялық зерттеулер, жөндеу, ауыстыру, қайтару, транзит мақсатында сынақтар жүргізу кезінде, сондай-ақ аңшылыққа, көрмелерге және спорттық іс-шараларға қатысу үшін уақытша әкелу (әкету) кезінде ұсынылмайды);
2) қарудың сәйкестігін растау, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, жеке пайдалану үшін сатып алу, жөндеу, ауыстыру, қайтару мақсатында жеке тұлғаларға қаруды әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
газды қарудың және электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін шекті әсері туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына тигізетін шекті әсер нормаларына сәйкестігіне медициналық-биологиялық сынақтар өткізілгені туралы кепілхат (жеке пайдалану үшін сатып алған кезде) электрондық көшірмесі;
қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуретінің (жеке пайдалану үшін сатып алған кезде) электрондық көшірмесі;
қарудың жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін (тек жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін) әкелінгенін растайтын құжаттың (шарт, хат) электрондық көшірмесі (жеке пайдалану үшін сатып алған кезде);
3) жеке тұлғаларға қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде электрондық көшірмесі 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;
қарудың жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетілетінін растайтын құжаттың (шарт, хат) электрондық көшірмесі;
4) шетелдіктерге (спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру электрондық көшірмесі;
қару мен оның патрондарының нақты түрінің спортшыға бекітілгені туралы ақпарат (тізім) электрондық көшірмесі;
әкелінетін қаруды сақтау үшін жағдайлардың барын растайтын құжаттама (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат) болуы.а қажет электрондық көшірмесі;
5) жеке тұлғаларға (спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкетуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру электрондық көшірмесі;
қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;
спорт ұйымы басшысының қарудың нақты түрін спортшыға бекіту туралы бұйрығының электрондық көшірмесі;
спорт ұйымы басшысының спортшыны (ларды) іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрығының электрондық көшірмесі;
6) шетелдіктерге аңшылыққа қатысу үшін аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес), олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулауға жасасқан шартының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімінің электрондық көшірмесі;
шетелдік аңшының жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) электрондық көшірмесі;
әкелінетін қару мен оның патрондарын аңшылық шаруашылығы ұйымында (оларда ішкі істер органдары берген қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсаты бар қару-жарақ бөлмесі болған жағдайда), қаруды орталықтандырылған сақтау пункттерінде немесе ішкі істер органдарында сақтауға арналған шарттың электрондық көшірмесі;
7) жеке тұлғаларға аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес), олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды аңшылыққа қатысу үшін уақытша әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
аң аулау жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген аң аулауға қатысуын растайтын (қызметтер көрсету туралы шарт немесе шақыру) құжатының электрондық көшірмесі;
қаруды әкелу көзделіп отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі.
Жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге аң аулауға қатысу үшін шыққан кезде аңшылық қару мен оның патрондарын уақытша әкетуге (әкелуге) қорытынды ресімделмейді.
Бұл ретте, жеке тұлға (аңшы) қаруды әкеткенге дейін кемінде 10 (он) күн бұрын қару тіркелген аумақтық ішкі істер органына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген аң аулауға қатысуын растайтын құжатты (қызметтер көрсету туралы шарт немесе шақыру) ұсынады.
Жеке тұлға аңшылыққа қатысу кезінде пайдалану үшін әкеткен азаматтық қару көрсетілген азаматтық қару тіркелген мүше мемлекетке әкелуге арналған рұқсат құжаттың жарамдық мерзімі аяқталғанға дейін әкелінуі тиіс;
8) басқа мемлекетке тұрақты тұруға кететін жеке тұлғаларға азаматтық қаруды, оның патрондарын әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қоса беріледі:
қаруды әкету жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тұрақты тұруға кететінін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
қаруды әкету болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаттың электрондық көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін жеке тұлғаларға қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қоса беріледі:
қаруды пайдалану және (немесе) сатып алу заңдылық растайтын рұқсат құжаттың электрондық көшірмесі;
қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі;
10) Қазақстан Республикасының азаматы марапаттық қаруды әкелуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қоса беріледі:
үшінші мемлекеттер басшыларының және үшінші мемлекеттердің үкімет басшыларының марапаттық құжаттарының электрондық көшірмесі;
11) шетелдіктерге марапаттық қаруды әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қоса беріледі:
әкетілетін қарумен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
12) жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары (екі бірліктен артық емес) мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қоса беріледі:
қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, өтініш берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған рұқсат құжаттарының электрондық көшірмелері.
Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі;
"транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін жеке тұлғаның (өтініш берушінің) жеке басын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
әкелінетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының сақтандыру қызмет мәселесі бойынша заңнамасы) сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның (өтініш берушінің) жеке басын растайтын құжатты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін қоспағанда, шет тілдерде жасалған құжаттар нотариат куәландырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне аудармасымен бірге ұсынылады;
13) үшінші тұлғалар азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен аспайтын) және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыны ресімдеген кезде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мынадай құжаттар қоса беріледі:
"транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының электрондық көшірмесі;
қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімінің, сондай-ақ кеден органы куәландырған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны көрсетілген мәліметтердің электрондық көшірмесі;
өнімді әкетуге арналған рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжаттың электрондық көшірмесі;
өнім транзитіне байланысты өтініш беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасы сақтандыру қызмет мәселесі бойынша заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі;
өтініш берушінің транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуін растайтын құжаттың және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін қоспағанда, шет тілдерде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін).
Осы 13) тармақшада көрсетілген құжаттар консулдық заңдастыру туралы талаптарды сақтай отырып немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қойылып ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы, сондай-ақ ішкі істер органдарының ведомстволық есептері бойынша алады.
|
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзитке қорытындылар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
1-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
1) заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
заңды тұлғаның мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің (бұдан әрі – негізгі талаптар Тізбесі) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша негізгі талаптар Тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес толтырылған мәліметтер нысанымен электрондық түрдегі өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда рұқсат құжатын берген үшін – мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар туралы;
2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 Еуразиялық экономикалық одақтың Алқасының шешімімен бекітілген үшінші мемлекеттермен сауда жасауда Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі Кедендік одаққа мүше – мемлекеттердің әкелу немесе әкетуге тыйым салынатын және шектеу қойылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелу, әкету және транзиттеуге қорытындының бірыңғай нысанын толтыру бойынша әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытынды жобасының электрондық көшірмесі;
техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөніндегі аккредителген орган берген сәйкестік сертификатының немесе қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін оны сертификаттауды жүргізуге арналған шарттың электрондық көшірмесі (сәйкестігін растау, медициналық-биологиялық зерттеулер, жөндеу, ауыстыру, қайтару, транзиттеу мақсатында сынақтар жүргізу кезінде, сондай-ақ аңшылыққа, көрмелерге және спорттық іс-шараларға қатысу үшін уақытша әкелу (әкету) кезінде ұсынылмайды);
2) заңды тұлғаларға қаруды әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде оны іске асыру үшін 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мынадай құжаттар ұсынылады:
тауарды импорттаушының азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, көрсетілген пайдаланушыларға сатылатыны туралы кепілхаттың электрондық көшірмесі;
қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшелігі қоса берілген қару мен патрондарын жеткізу шарты (келісімшарты) электрондық көшірмесі;
қару мен патрондарын атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпараттың, оның түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі;
газды қарудың және электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін шекті әсері туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына тигізетін шекті әсер нормаларына сәйкестігіне медициналық-биологиялық сынақтар өткізілгені туралы кепілхат болуына қажет электрондық көшірмесі;
3) заңды тұлғаларға қаруды сату үшін әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге:
қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшелігі қоса берілген қару мен патрондарын жеткізу шарты (келісімшарты) электрондық көшірмесі;
қару мен патрондарын атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі;
оны әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қару мен патрондарын әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;
шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органының осы қару мен патрондарын тек бейбіт мақсатта пайдаланылатыны және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мүше мемлекеттерді қоспағанда,басқа елдерге экспортталмайтыны туралы жазбаша кепілдік міндеттемесі болуына қажет электрондық көшірмесі;
4) қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғаларға қарудың сәйкестігін растау, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргiзу, жөндеу, ауыстыру, қайтару мақсатында сынақтарды жүргiзу үшін әкелуге (әкетуге), сондай-ақ көрмелерге қатысу үшін уақытша әкелуге (әкетуге) қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшелігі қоса берілген қаруды жеткізу шарты (келісімшарты) электрондық көшірмесі;
қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі;
оны әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты болуына қажет электрондық көшірмесі;
5) шетелдік заң тұлғаларға (спорт ұйымдарына) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкелуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру электрондық көшірмесі;
қару мен оның патрондарының нақты түрінің спортшыға бекітілгені туралы ақпарат (тізім) электрондық көшірмесі;
әкелінетін қаруды сақтау үшін жағдайлардың барын растайтын құжаттама (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат) болуына қажет электрондық көшірмесі;
6) заң тұлғаларға (спорт ұйымдарына) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкетуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру электрондық көшірмесі;
қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;
спорт ұйымы басшысының қарудың нақты түрін спортшыға бекіту туралы бұйрығының электрондық көшірмесі;
спорт ұйымы басшысының спортшыны (ларды) іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрығының электрондық көшірмесі;
7) шетелдіктерге аңшылыққа қатысу үшін атыс аңшылық қаруының, оның патрондарының және аңшылық пышақтарының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес) уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде аңшылық шаруашылығы ұйымдары (жеке кәсіпкер, заң тұлғалар) жүзеге асырады, олар 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қосылып беріледі:
аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулауға жасасқан шартының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімінің электрондық көшірмесі;
шетелдік аңшының жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) электрондық көшірмесі;
әкелінетін қару мен оның патрондарын аңшылық шаруашылығы ұйымында (оларда ішкі істер органдары берген қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсаты бар қару-жарақ бөлмесі болған жағдайда), қаруды орталықтандырылған сақтау пункттерінде немесе ішкі істер органдарында сақтауға арналған шарттың электрондық көшірмесі;
8) заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыны ресімдеу кезінде 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мына құжаттар қоса беріледі:
мөрмен және өтініш берушінің қолымен куәландырылған, сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының электрондық көшірмесі;
мөрмен және өтінім берушінің қолымен куәландырылған, қаруды жасаушы елден экспорттауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы елге импорттауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қаруды сатып алушы арасындағы шартының электрондық көшірмесі;
"транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының электрондық көшірмесі;
қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімінің, сондай-ақ кеден органы куәландырған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны көрсетілген мәліметтердің электрондық көшірмесі;
заңды тұлға ретінде - Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
өнімді әкетуге арналған рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжаттың электрондық көшірмесі;
өнім транзитіне байланысты өтініш беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызмет мәселесі бойынша заңнамасы сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі;
өтініш берушінің транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуін растайтын құжаттың және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін қоспағанда, шет тілдерде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін).
Осы 8) тармақшада көрсетілген құжаттар консулдық заңдастыру туралы талаптарды сақтай отырып немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қойылып ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
|
".
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 6 қазандағы № 750 бұйрығына 1-қосымша Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау,есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамсыз ету қағидаларына 16-қосымша Нысан |
№___ қабылдау актісі (Әскери және арнайы жабдықтау базасы, (К)ПД АТҚЖ қоймаларына қабылданған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш материалдар)
20___ж. "__" _________
Комиссия құрамында: ______________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қару-жарақ заттарын қабылдауды жүзеге аыратын комиссия мүшелерінің лауазымы,
атағы, тегі, аты-жөні)
_______________________________ АТҚЖ қоймасына келіп түскен қару мен
(ішкі істер органының атауы)
оқ-дәрілерді тексеруді, қарауды және қабылдауды жүргізді.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қару-жарақ заттарын тапсырған ішкі істер органының атауы, тапсырушының тегі
мен аты-жөні)
Тексеруде, қарау және қабылдау кезінде мыналар анықталды:
р/с№
|
Қарудың түрі, атауы, жүйесі
|
Құжат бойынша есепте бар
|
Нақты қабылданды
|
Оқ-дәрілер мен жарылғыш материалдардың саны, калибрі (дана, кг)
|
Құжат бойынша есепте бар
|
Нақты қабылданды
|
калибрі
|
номері
|
калибрі
|
номері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Жетіспей қалудың, артық шығудың және айырмашылықтардың себептері
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Комиссияның қорытындылары мен ұсыныстары
______________________________________________________________________
Комиссия мүшелері: 1._________ 2._________ 3._________
(қолы) (қолы) (қолы)
Тапсырдым ____________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, қолы)
Жауапты сақтауға қабылдадым _______________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, қолы)
20___ж. "___"______________
1 дана. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған қызметкерге беріледі
2 дана. Қару-жарақ қызметінде қалады
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 6 қазандағы № 750 бұйрығына 2-қосымша Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау,есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамсыз ету қағидаларына 17-қосымша |
Нысан
Қабылданған, сақтаудағы тұрған және кәдеге жаратылған қару-жарақ заттары туралы есеп
ІІО Атауы
|
Акт бойынша ПД АТҚЖ қоймасына қабылданды, барлығы
|
оның ішінде
|
Ойықты
|
олардың ішінде
|
автоматтар
|
тапаншалар
|
револьверлер
|
винтовкалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
Кестенің жалғасы
оның ішінде
|
олардың ішінде
|
тегіс ұңғылы
|
оның ішінде шолақ
|
жарақат салатын
|
карабиндер
|
құрастырылған
|
оның ішінде шолақ
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
Кестенің жалғасы
оның ішінде
|
газды
|
жарақат салатын әсері бар патронмен ату мүмкіндігі бар газды қарулар
|
электрлі
|
қолдан жасалған
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
32
|
33
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
ІІО Атауы
|
Ерікті тапсырылғандар арасынан
|
оның ішінде
|
Ойықты
|
олардың ішінде
|
автоматтар
|
тапаншалар
|
револьверлер
|
винтовкалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
Кестенің жалғасы
оның ішінде
|
олардың ішінде
|
тегіс ұңғылы
|
оның ішінде шолақ
|
жарақат салатын
|
газды
|
карабиндер
|
құрастырылған
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
Кестенің жалғасы
оның ішінде
|
газды
|
жарақат салатын әсері бар патронмен ату мүмкіндігі бар газды қарулар
|
электрлі
|
қолдан жасалған
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
32
|
33
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
ІІО Атауы
|
Сот тәркілендер ішінен
|
оның ішінде
|
Ойықты
|
олардың ішінде
|
автоматтар
|
тапаншалар
|
револьверлер
|
винтовкалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
Кестенің жалғасы
оның ішінде
|
олардың ішінде
|
тегіс ұңғылы
|
оның ішінде шолақ
|
жарақат салатын
|
карабиндер
|
құрастырылған
|
оның ішінде шолақ
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
Кестенің жалғасы
оның ішінде
|
газды
|
жарақат салатын әсері бар патронмен ату мүмкіндігі бар газды қарулар
|
электрлі
|
қолдан жасалған
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
32
|
33
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
ІІО Атауы
|
Жойылды
|
оның ішінде
|
Ойықты
|
олардың ішінде
|
автоматтар
|
тапаншалар
|
револьверлер
|
винтовкалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
Кестенің жалғасы
оның ішінде
|
олардың ішінде
|
тегіс ұңғылы
|
оның ішінде шолақ
|
жарақат салатын
|
карабиндер
|
құрастырылған
|
оның ішінде шолақ
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
Кестенің жалғасы
оның ішінде
|
газды
|
жарақат салатын әсері бар патронмен ату мүмкіндігі бар газды қарулар
|
электрлі
|
қолдан жасалған
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
32
|
33
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|
өткен жылы
|
ағымдағы жылғы
|