Об утверждении формы, Правил и сроков представления заключения о поступлении валютной выручки

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 сентября 2025 года № 506. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 сентября 2025 года № 36880

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026

      В соответствии с пунктом 3 статьи 53 и подпунктом 25) пункта 2 статьи 55 Налогового кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) форму заключения о поступлении валютной выручки согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила и сроки представления заключения о поступлении валютной выручки согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 17 сентября 2025 года № 506
  форма

Заключение о поступлении валютной выручки за период
с "____" _______ 20___года по "__" ________ 20___ года

№ п/п

Проверяемый налогоплательщик

Валюта счета

Индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер

Наименование налогоплательщика

1

2

3

4

      продолжение таблицы

Сведения о поступлении валютной выручки

Номер и дата валютного договора по экспорту

Учетный номер валютного договора по экспорту и дата его присвоения

Наименование отправителя

Дата

Сумма платежа

5

6

7

8

9

      Итого по валютному договору: ______________
Пояснение по заполнению заключения приведено в приложении к настоящей форме.

  Приложение к форме
"Заключение о поступлении
валютной выручки"

Пояснения по заполнению формы "Заключение о поступлении валютной выручки"

      В графе 1 формы указывается порядковый номер строки.

      В графе 2 формы указывается индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер.

      В графе 3 формы указывается наименование налогоплательщика.

      В графе 4 формы указывается буквенное обозначение валюты согласно классификатору НК РК 07 ISO 4217 "Коды для обозначения валют и фондов".

      В графе 5 формы указывается наименование отправителя.

      В графе 6 формы указывается дата.

      В графе 7 формы указывается сумма платежа.

      В графе 8 формы указываются номер и дата валютного договора по экспорту.

      В графе 9 формы указывается учетный номер валютного договора по экспорту и дата его присвоения (заполняется в отношении валютных договоров, по которым были присвоены учетные номера).

  Приложение 2 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 17 сентября 2025 года № 506

Правила и сроки представления заключения о поступлении валютной выручки

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и сроки представления заключения о поступлении валютной выручки (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 53 и подпунктом 25) пункта 2 статьи 55 Налогового кодекса Республики Казахстан и определяют порядок представления территориальными филиалами Национального Банка Республики Казахстан, банками второго уровня, Акционерными обществами "Банк Развития Казахстана" и "Казпочта" в органы государственных доходов заключения о поступлении валютной выручки.

Глава 2. Порядок и сроки представления заключения о поступлении валютной выручки

      2. Органы государственных доходов после начала налоговой проверки в течение 5 (пяти) рабочих дней направляют запросы в территориальные филиалы Национального Банка Республики Казахстан, банки второго уровня, Акционерные общества "Банк Развития Казахстана" и "Казпочта" по форме согласно приложению 1 к настоящему приказу о представлении Заключения о поступлении валютной выручки (далее – Заключение) по состоянию на дату составления такого Заключения:

      1) по месту учетной регистрации валютного договора по экспорту в отношении валютных договоров, по которым присвоены учетные номера;

      2) по месту открытия банковского счета филиала или представительства в отношении нерезидентов, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан через филиалы и представительства.

      3. Органами государственных доходов при направлении запроса указываются:

      наименование налогоплательщика;

      индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер;

      номер и дата валютного договора по экспорту;

      запрашиваемый период;

      номер и дата регистрации предписания;

      учетный номер валютного договора по экспорту и дата его присвоения.

      4. Территориальные филиалы Национального Банка Республики Казахстан, банки второго уровня, Акционерные общества "Банк Развития Казахстана" и "Казпочта" Заключение в органы государственных доходов представляют в течение 10 (десяти) рабочих дней с даты получения запроса.

      Заключение удостоверяется посредством электронной цифровой подписи руководителя либо лица, уполномоченного руководителем на подписание Заключения.

  Приложение 3 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 17 сентября 2025 года № 506

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан

      1. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 260 "Об утверждении Правил представления заключения о поступлении валютной выручки" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16525).

      2. Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 623 "О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 260 "Об утверждении Правил предоставления заключения о поступлении валютной выручки" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18893).

      3. Приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2023 года № 57 "О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 260 "Об утверждении Правил представления заключения о поступлении валютной выручки". (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31759).

Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын, ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 қыркүйекте № 36880 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 53-бабы 3-тармағына және 55-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 506
Бұйрығына 1-қосымша
  нысан

20___ жылғы "___" _______ бастап 20___ жылғы "____" _______ кезеңге валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды

р/с

Тексерілетін салық төлеуші

Шот валютасы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Салық төлеушінің атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер

Экспорт бойынша валюталық шарттың нөмірі мен күні

Экспорт бойынша валюталық шарттың есептік нөмірі және оның берілген күні

Жөнелтушінің атауы

Күні

Төлем сомасы

5

6

7

8

9

      Валюталық шарттың бойынша жиынтығы: ________________________

      Осы нысанның қосымшасында қорытындыны толтыру жөніндегі түсіндірме келтірілген.

  "Валюталық түсімнің түсуі
туралы қорытынды"
нысанына қосымша

"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      Нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің атауы көрсетіледі.

      Нысанның 4-бағанында "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 жіктеуішіне сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      Нысанның 5-бағанында жөнелтушінің атауы көрсетіледі.

      Нысанның 6-бағанында күні көрсетіледі.

      Нысанның 7-бағанында төлем сомасы көрсетіледі.

      Нысанның 8-бағанында экспорт бойынша валюталық шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Нысанның 9-бағанында экспорт бойынша валюталық шарттың есептік нөмірі және оның берілген күні көрсетіледі (есептік нөмірі берілген экспорт бойынша валюталық шарттарға қатысты толтырылады).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 506
Бұйрығына 2-қосымша

Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 53-бабының 3-тармағына және 55-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстан Даму Банкі" және "Қазпочта" Акционерлік қоғамының мемлекеттік кірістер органдарына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      2. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) жасау күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" және "Қазпочта" Акционерлік қоғамына:

      1) есептік нөмір берілген валюталық шарттарға қатысты экспорт бойынша валюталық шарттың есептік тіркеу орны бойынша;

      2) Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша Қорытынды ұсыну туралы сұрау салулар жолдайды.

      3. Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салуды жолдаған кезде:

      салық төлеушінің атауы;

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      экспорт бойынша валюталық шарттың нөмірі және күні;

      сұрау салынатын кезең;

      нұсқаманың тіркеу нөмірі мен күні;

      экспорт бойынша валюталық шарттың есептік нөмірі және оның берілген күні көрсетіледі.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары, екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстан Даму Банкі" және "Қазпочта" Акционерлік қоғамы мемлекеттік кірістер органдарына сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қорытынды ұсынады.

      Қорытынды басшының не басшының Қорытындыға қол қоюға уәкілеттік берген адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 506
  Бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16525 болып тіркелген).

      2. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 623 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18893 болып тіркелген).

      3. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 57 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31759 болып тіркелген).