Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 25 августа 2025 года № 312. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 августа 2025 года № 36721

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 5

      В соответствии с подпунктом 10-39) статьи 10-2 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Квалификационные требования, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом, согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      3. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
Е. Нагаспаев

  Приложение 1 к приказу
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от 25 августа 2025 года № 312

Квалификационные требования, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом

      1. Настоящие Квалификационные требования предъявляются к управляющему многоквартирным жилым домом, и включает в себя следующие требования:

      1) среднее профессиональное, высшее или послевузовское образование по специальностям: право, социальные науки, экономика и бизнес, гуманитарные науки, технические науки и технологии;

      2) знание действующего законодательства Республики Казахстан (Гражданский кодекс Республики Казахстан, Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях, Трудовой кодекс Республики Казахстан, законы Республики Казахстан "О жилищных отношениях", "О естественных монополиях", "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан и акты государственных органов, регламентирующие производственно-хозяйственную, финансово-экономическую и жилищно-коммунальную деятельность);

      3) иметь навыки оперативного принятия и реализации управленческих решений, планирования работы и контроля, ведения деловых переговоров, публичных выступлений, анализа и прогнозирования последствий принимаемых управленческих решений, организации работы по взаимодействию с государственными органами и поставщиками коммунальных услуг, практического применения нормативных правовых актов, разработки организационно-распорядительных документов, работы со служебными документами, владения компьютерной и другой организационной техникой, а также отвечать требованиям профессионального стандарта "Управление жилыми и нежилыми зданиями";

      4) об отсутствии неснятой или непогашенной судимости за преступления против собственности, в сфере экономики или по коррупционным статьям;

      5) наличие документа о признании его профессиональной квалификации согласно Закону Республики Казахстан "О профессиональных квалификациях".

  Приложение 2 к приказу
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от " " 2025 года №

Перечень утративших силу некоторых приказов

      1. Приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 169 "Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20315).

      2. Пункт 4 перечня некоторых приказов Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 19 января 2024 года № 24 "Об утверждении перечня некоторых приказов Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33983).

      3. Приказ исполняющего обязанности Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 11 июня 2024 года № 218 "О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 169 "Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 34518).

Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36721 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-39) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 25 тамыздағы
№ 312 Бұйрыққа
1-қосымша

Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы біліктілік талаптары көппәтерлі тұрғын үйді басқарушысыға қойылады және мынадай талаптарды қамтиды:

      1) құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша кәсіптік орта, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Табиғи монополиялар туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық және тұрғын үй-коммуналдық қызметті регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілері) білу;

      3) басқару шешімдерін жедел қабылдау және іске асыру, жұмысты жоспарлау және бақылау, іскерлік келіссөздерін жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, қолданылатын басқару шешімдерінің салдарын талдау және болжау, мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді практикада қолдану, ұйымдастырушылық өкімдік құжаттарды әзірлеу, қызметтік құжаттармен жұмыс істеу, компьютерлік және басқа да ұйымдастырушылық техниканы меңгеру дағдыларының болуы, сондай-ақ "Тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды басқару" кәсіби стандартының талаптарына жауап беруі;

      4) меншікке қарсы, экономика саласындағы немесе сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы;

      5) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілігін тану туралы құжаты болуы.

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 25 тамыздағы
№ 312 Бұйрыққа
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 169 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлері мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 20315 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актiлері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33983 болып тіркелген).

      3. "Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 169 бұйрығына бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 11 маусымдағы № 218 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актiлері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34518 болып тіркелген).