О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 ноября 2020 года № 775 "Об утверждении Требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в правоохранительных органах и Государственной фельдъегерской службе Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 6 августа 2025 года № 584. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 августа 2025 года № 36604

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 ноября 2020 года № 775 "Об утверждении Требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в правоохранительных органах и Государственной фельдъегерской службе Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21646) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в правоохранительных органах, органах гражданской защиты и Государственной фельдъегерской службе Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Требования, предъявляемые к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в правоохранительных органах, органах гражданской защиты и Государственной фельдъегерской службе Республики Казахстан согласно приложению 1 к настоящему приказу.";

      в Требованиях, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в правоохранительных органах и Государственной фельдъегерской службе Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом (далее – Требования):

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Требования, предъявляемые к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в правоохранительных органах, органах гражданской защиты и Государственной фельдъегерской службе Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие требования, предъявляемые к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в правоохранительных органах, органах гражданской защиты и Государственной фельдъегерской службе Республики Казахстан (далее - Требования к состоянию здоровья) разработаны в соответствии с подпунктом 2) части 3 статьи 11 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее - Кодекс).

      Настоящие Требования к состоянию здоровья представляют собой определенные показатели (критерии) состояния здоровья, физического, психического состояния и развития (далее – состояние здоровья и развития), в соответствии с которыми определяются категории годности к службе кандидатов на службу, кандидатов на поступление в учебные заведения правоохранительных органов, органов гражданской защиты, сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты и Государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан (далее - правоохранительные органы).";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В настоящих Требованиях к состоянию здоровья приведены следующие обозначения формулировок категории годности к службе, учебе, воинской службе:

      А – "годен(на) к воинской службе"; "годен(на) к службе___" (с указанием должности); "годен(на) к поступлению___" (с указанием наименования факультета и учебного заведения);

      В – "ограниченно годен(на) к воинской службе";

      В-инд – годность к службе определяется индивидуально в формулировках "годен(на) к воинской службе" (либо "годен(на) с службе ____" с указанием должности) или "ограниченно годен(на) к воинской службе";

      Г – "подлежит обследованию (лечению) с последующим освидетельствованием";

      Д – "негоден(на) к воинской службе в мирное время, ограниченно годен(на) в военное время";

      Д-инд – годность к службе определяется Д-индивидуально в формулировках "ограниченно годен(на) к воинской службе" либо "негоден(на) к воинской службе в мирное время, ограниченно годен(на) в военное время";

      Е – "негоден(на) к воинской службе с исключением с воинского учета";

      ИНД - годность кандидатов на службу определяется индивидуально с учетом функционального состояния освидетельствуемого лица;

      НГ – "негоден(на) к службе ___" (с указанием должности); "негоден(на) к поступлению ___" (с указанием наименования факультета и учебного заведения); "негоден(на) к службе в правоохранительных органах (органах гражданской защиты, государственной фельдъегерской службе)".

      При вынесении годности к службе кандидатов и сотрудников подразделений ГФС по графе II, органов прокуратуры по графе III, антикоррупционной службы и СЭР ОФМ по графам I или III настоящих Требованиях к состоянию здоровья применяются формулировки "(не)годен(на) к службе в ГФС", "(не)годен(на) к службе в органах прокуратуры", "(не)годен(на) к службе в антикоррупционной службе по графе __" (с указанием графы), "(не)годен(на) к службе в СЭР ОФМ по графе ___" (с указанием графы).";

      правый верхний угол приложения к указанным Требованиям изложить в следующей редакции:

  "Приложение к Требованиям,
предъявляемым к состоянию
здоровья лиц для прохождения
службы в правоохранительных
органах, органах гражданской защиты
и Государственной
фельдъегерской службе
Республики Казахстан".

      2. Управлению Центральной военно-врачебной комиссии Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Ниязов М.Ш.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической и нормотворческой координации Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по финансовому мониторингу
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по противодействию коррупции
(Антикоррупционная служба)
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № 584 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 тамызда № 36604 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарда (бұдан әрі - Талаптар):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Денсаулық жағдайына талаптар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 11-бабы 3-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Осы Денсаулық жағдайына талаптар Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметіндегі (бұдан әрі – құқық қорғау органдары) қызметке кандидаттардың, құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының оқу орындарына түсуге кандидаттардың, қызметкерлерінің қызметке жарамдылық санаттарын айқындайтын денсаулық жағдайының, дене, психикалық жағдайының және дамуының (бұдан әрі – денсаулық және даму жағдайы) белгілі бір көрсеткіштері (өлшемшарттары) болып табылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Денсаулық жағдайына талаптарда қызметке, оқуға, әскери қызметке жарамдылық санаты тұжырымдарының мынадай белгілері келтірілген:

      А – "әскери қызметке жарамды"; "______қызметке жарамды" (лауазымы көрсетілсін); "___оқуға түсуге жарамды" (факультеттің және оқу орнының атауы көрсетілсін);

      В – "әскери қызметке шектеулі жарамды";

      В-жеке – қызметке жарамдылығы "әскери қызметке жарамды" (немесе лауазымы көрсетіле отырып "_____қызметке жарамды"), не болмаса "әскери қызметке шектеулі жарамды" тұжырымдамалардың бірімен жеке анықталады;

      Г – "кейіннен куәландырылып тексеруге (емдеуге) жатады";

      Д – "бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды";

      Д-жеке - қызметке жарамдылығы "әскери қызметке шектеулі жарамды" не болмаса "бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды" тұжырымдамалар бірімен жеке анықталады;

      Е – "әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз";

      ЖЕКЕ – куәландырылатын адамның функционалдық жай-күйін ескере отырып, кандидаттардың қызметке жарамдылығы жеке анықталады;

      ЖС – "____қызметке жарамсыз" (лауазымы көрсетілсін); "____оқуға түсуге жарамсыз" (факультеттің және оқу орнының атауы көрсетілсін); "құқық қорғау органдарындағы (азаматтық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіндегі) қызметке жарамсыз".

      Осы Денсаулық жағдайына талаптардың II бағаны бойынша МФҚ бөліністеріне, III бағаны бойынша прокуратура органдарына, I немесе III бағаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және ҚМО ЭТҚ-не қызметке кандидаттардың және қызметкерлердің жарамдылығын шығару кезінде "МФҚ-не қызметке жарамды(сыз)", "прокуратура органдарында қызметке жарамды(сыз)", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қызметке ___ бағаны бойынша жарамды(сыз)" (баған көрсетілсін), "ҚМО ЭТҚ-не қызметке ___ бағаны бойынша жарамды(сыз)" (баған көрсетілсін), тұжырымдары қолданылады.";

      көрсетілген талаптарға қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
құқық қорғау органдарында,
азаматтық қорғау органдарында
және Мемлекеттік
фельдъегерлік қызметінде
қызмет өткеру үшін
адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын
талаптарға қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының басқармасы (М.Ш.Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы ic-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі