О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 25 июля 2014 года № 288 "Об утверждении Правил перехода спортсмена из одной физкультурно-спортивной организации в другую физкультурно-спортивную организацию"

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 26 июня 2025 года № 102. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июня 2025 года № 36358

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 25 июля 2014 года № 288 "Об утверждении Правил перехода спортсмена из одной физкультурно-спортивной организации в другую физкультурно-спортивную организацию" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9681) следующие изменения:

      в Правилах перехода спортсмена из одной физкультурно-спортивной организации в другую физкультурно-спортивную организацию, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила перехода из одной физкультурно-спортивной организации в другую физкультурно-спортивную организацию (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 28) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" и определяют порядок перехода спортсмена из одной физкультурно-спортивной организации в другую физкультурно-спортивную организацию (далее - организация).

      2. Установление единого порядка перехода осуществляется с целью обеспечения прозрачности и совершенствования системы подготовки спортсменов, обеспечения успешного выступления национальных команд республики и отдельных спортсменов на международных спортивных соревнованиях.

      В настоящих Правилах используются следующие определения:

      1) физкультурно-спортивная организация (далее-организация) – юридическое лицо, осуществляющее деятельность в области физической культуры и спорта в качестве основного вида деятельности;

      2) договор о спортивной деятельности – гражданско-правовой договор, заключаемый между спортсменом, тренером или иным специалистом в области физической культуры и спорта и физкультурно-спортивной организацией;

      3) трансфертная карта (сертификат) - разрешение, выдаваемое спортсмену на право выступать за иностранную спортивную организацию.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Переход спортсмена и заключение договора о спортивной деятельности";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Вопросы перехода спортсмена рассматриваются национальными аккредитованными и местными аккредитованными спортивными федерациями, местными исполнительными органами в области физической культуры и спорта и согласовываются с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта в следующем порядке:

      1) при переходе спортсмена, члена команды области, города республиканского значения и столицы из одной организации в другую в пределах Казахстана вопрос рассматривается аккредитованной спортивной федерацией по данному виду спорта и согласовывается с местным исполнительным органом;

      2) при переходе спортсмена, члена команды области, города республиканского значения и столицы в иностранную организацию, вопрос рассматривается аккредитованной спортивной федерацией по данному виду спорта, местным исполнительным органом и согласовывается с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта;

      3) при переходе спортсмена, члена национальной команды Республики Казахстан по виду спорта из одной организации в другую, в том числе иностранную, вопрос рассматривается национальной аккредитованной спортивной федерацией по данному виду спорта и утверждается уполномоченным органом в области физической культуры и спорта.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Переход спортсмена из одной организации в другую возможен при наличии следующих оснований:

      1) призыв на срочную воинскую службу;

      2) очная форма обучения в организации образования;

      3) истечение срока действия договора о спортивной деятельности между спортсменом и организацией;

      4) досрочное расторжение договора о спортивной деятельности по соглашению сторон.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. При переходе спортсмена в иностранную организацию национальными аккредитованными и местными аккредитованными спортивными федерациями по видам спорта после согласования с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта спортсмену выдается трансфертная карта (сертификат), которая соответствует требованиям международной федерации по виду спорта и предусматривает участие спортсмена в международных спортивных соревнованиях за национальную команду Республики Казахстан.".

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

"Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36358 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9681 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидаларында:

      1 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидалары (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының  7- бабы  28) тармақшысына сәйкес әзірленген спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (бұдан әрі - ұйым) ауысуының тәртібін анықтайды.

      2. Ауысудың бірыңғай тәртібін белгілеу ашықтықты қамтамасыз ету және спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, республиканың ұлттық командаларының және жекелеген спортшылардың халықаралық  спорттық жарыстарда табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      Осы Қағида мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) дене шынықтыру-спорт ұйымы (бұдан әрі-ұйым) – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) спорттық қызмет туралы шарт – спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;

      3) трансферттік карта (сертификат) - спортшыға шетелдік спорт ұйымы үшін өнер көрсетуіне құқық беретін рұқсат.";

      2 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Спортшының ауысуы және спорттық қызмет туралы шарт жасасуы";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Спортшылардың ауысу мәселелерін, ұлттық аккредиттелген және жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялар, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қарастырады және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен мынадай тәртіпте келіседі:

      1) спортшының, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың команда мүшесінің Қазақстанның шегінде бір ұйымнан басқа ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген спорттық федерация қарастырады және жергілікті атқарушы органмен келіседі;

      2) спортшының, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың команда мүшесінің шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген спорттық федерация, жергілікті атқарушы орган қарайды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келіседі;

      3) спортшының ауысуы кезінде спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық команда мүшесінің бір ұйымнан басқа ұйымға (соның ішінде шетелдік) ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорттық федерация қарайды және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган бекітеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Спортшының бір ұйымнан ауысуы басқа ұйымға мынадай негіздемелер болған жағдайда мүмкін болады:

      1)  мерзімді əскери қызметке шақырылса;

      2)  күндізгі оқу бөлімінде оқыса;

      3) спортшы мен ұйым арасындағы спорттық қызмет туралы шарттың қолдану мерзімі аяқталса;

      4) тараптардың келісімі бойынша спорттық қызмет туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылса.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10.  Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган келіскеннен кейін спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық және жергілікті спорттық федерациялардан спортшы шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысқан кезде оған трансферттік карта (сертификат) беріледі, ол спорт түрінен халықаралық спорттық федерациялардың талаптарына сай болады және спортшының Қазақстан Республикасының ұлттық командасы үшін ресми халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын көздейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов