Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

Приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 9 июня 2025 года № 113-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 июня 2025 года № 36233

      В соответствии с пунктом 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления стоимости исследований, консалтинговых услуг.

      2. Департаменту управления государственными активами и бюджетной политики Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр водных ресурсов
и ирригации
Республики Казахстан
Н. Нуржигитов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр водных ресурсов
и ирригации
Республики Казахстан
от 9 июня 2025 года № 113-НҚ

Правила установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стоимости исследований, консалтинговых услуг (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок установления стоимости исследований, консалтинговых услуг.

Глава 2. Порядок установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

      3. Стоимость исследований, консалтинговой услуги устанавливаются исходя из расходов на оплату труда работников, оказания консалтинговой услуги, прямых расходов и косвенных расходов по следующей формуле:

      С = ПР + КР, где:

      С – стоимость исследования, консалтинговой услуги;

      ПР – прямые расходы;

      КР – косвенные расходы.

      4. В стоимость исследования, консалтинговой услуги не включаются следующие расходы:

      1) формирование резервов на возможные убытки;

      2) покрытие прочих долгов и убытков прошлых периодов;

      3) спонсорская помощь;

      4) штрафы, пени и неустойки.

      5. К прямым расходам относятся:

      1) заработная плата работников (штатных и внештатных), осуществляющих исследования и консалтинговые услуги;

      2) привлечение внешних экспертов;

      3) приобретение материалов (запасные части, горюче-смазочные материалы, комплектующие, канцелярские товары, расходные материалы), непосредственно используемых для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги;

      4) арендная плата в случаях необходимости проведения конференций, семинаров, круглых столов, непосредственно для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги;

      5) командировочные расходы персонала, проводящего исследование, оказывающего консалтинговую услугу (служебные разъезды внутри страны и (или) за пределы страны);

      6) социальный налог, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в Фонд социального медицинского страхования персонала, обязательные пенсионные взносы работодателя, проводящего исследование, оказывающего консалтинговую услугу;

      7) услуги связи (междугородние телефонные переговоры, абонентская плата за телефоны, почтово-телеграфные затраты, факс, электронная почта, интернет);

      8) полиграфические расходы (тиражирование бланочной продукции: анкет, маршрутных листов, карточек, отчетов, тестовых заданий, переплет, подшивка и обработка документов);

      9) транспортные услуги, непосредственно используемые для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги;

      10) курьерские услуги (рассылка материалов);

      11) переводческие услуги, непосредственно используемые для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги;

      12) услуги по разработке справочников и / или разделов справочников;

      13) расходы по страхованию;

      14) банковские услуги;

      15) налог на добавленную стоимость.

      6. Косвенные расходы не относятся напрямую к себестоимости оказываемых услуг (работ) и включают следующее:

      1) заработная плата административного персонала;

      2) социальный налог, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в Фонд социального медицинского страхования, обязательные пенсионные взносы работодателя, административного персонала;

      3) налоги и другие обязательные платежи в бюджет (налог на имущество, налог на транспортные средства, земельный налог и другое);

      4) командировочные расходы административного персонала (служебные разъезды внутри страны и / или за пределы страны);

      5) амортизация основных средств и нематериальных активов;

      6) обслуживание и ремонт основных средств и нематериальных активов;

      7) прочие расходы (коммунальные услуги, информационные услуги (за исключением рекламы), пожарная безопасность и соблюдение специальных требований, услуги по охране, аудиторские услуги, нотариальные услуги, типографские расходы).

      7. Каждая статья расходов при проведении исследования, оказания консалтинговой услуги формируется заказчиком с использованием базы данных цен на товары, работы, услуги, установленных законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, в качестве ориентира при расчете по видам расходов по каждой бюджетной программе. При этом, ориентируется на цену, не превышающую фактическую среднюю цену за единицу товара, работы, услуги, предусмотренную в базе данных цен. При отсутствии в базе данных цен используются документы, обосновывающие планируемые расходы (копии договоров, прайс-листы).

      8. Стоимость командировочных расходов (проживание, суточные) определяется в соответствии с Правилами возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256.

      9. При расчете стоимости исследований, консалтинговых услуг указывается заработная плата всех работников, непосредственно участвующих в выполнении исследовательской работы, по должностям в соответствии со штатным расписанием отдельно по каждому работнику.

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 113-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 маусымда № 36233 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жетекшілік ететін Вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 113-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы, Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібі

      3. Зерттеудің, консалтингтік қызметтің, зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, тікелей шығыстар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып, мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Қ = ТШ + ЖШ, мұндағы

      Қ – зерттеудің, консалтингтік қызметтердің құны;

      ТШ – тікелей шығыстар;

      ЖШ – жанама шығындар.

      4. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығыстар енгізілмейді:

      1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) демеушілік көмек;

      4) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары.

      5. Тікелей шығындарға мыналар жатады:

      1) зерттеулер мен консалтингтік қызметтерді жүзеге асыратын (штаттағы және штаттан тыс) жұмыскерлердің жалақысы;

      2) сыртқы сарапшыларды тарту;

      3) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу, (қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары, жиынтықтауыштар, кеңсе тауарлары және шығыс материалдары);

      4) жалға алынатын үй-жайларда тікелей зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;

      5) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе)елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

      6) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары, зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

      7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);

      8) полиграфиялық шығындар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);

      9) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;

      10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);

      11) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері;

      12) анықтамалықтарды және /немесе анықтамалықтардың бөлімдерін әзірлеу жөніндегі қызметтер;

      13) сақтандыру жөніндегі шығыстар;

      14) банктік қызметтер;

      15) қосылған құн салығы.

      6. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей жатпайды және мынадай шығыстарды қамтиды:

      1) әкімшілік персоналдың жалақысы;

      2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары, жұмыс берушінің, әкімшілік персоналдың міндетті зейнетақы жарналары;

      3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);

      4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (Ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

      5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

      6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;

      7) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер, ақпараттық қызметтер (жарнаманы қоспағанда), өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптардың сақталуы, күзет жөніндегі қызметтер, аудиторлық қызметтер, Банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар).

      7. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету кезіндегі шығыстардың әрбір бабын Тапсырыс беруші әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын пайдалана отырып қалыптастырады. Бұл ретте, баға дерекқорында көзделген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін нақты орташа бағадан аспайтын бағаға бағдарланады. Деректер базасында бағалар болмаған кезде жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады.

      8. Іссапар шығыстарының құны (қонақ үйде тұру, тәулікақы) Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен анықталады.

      9. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын есептеу нысанында зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің штаттық кестеге сәйкес лауазымдары бойынша жалақысы әрбір жұмыскер бойынша жеке көрсетіледі.