Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 мая 2025 года № 262/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2025 года № 36162

      В соответствии частью второй пункта 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления стоимости исследований и консалтинговых услуг.

      2. Департаменту финансов Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 28 мая 2025 года № 262/НҚ

Правила установления стоимости исследований и консалтинговых услуг

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стоимости исследований и консалтинговых услуг разработаны в соответствии с частью второй пункта 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок установления стоимости исследований и консалтинговых услуг.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) косвенные (административные) расходы – расходы, не относящиеся напрямую к себестоимости оказываемых услуг (работ);

      2) прямые расходы – расходы, непосредственно связанные с оказанием услуг.

      Иные понятие и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок установления стоимости исследований и консалтинговых услуг

      3. При установлении стоимости исследований и консалтинговых услуг учитываются прямые и косвенные (административные) расходы, подтвержденные обосновывающими документами (штатное расписание исполнителя, расчеты, копии договоров, не менее 3 (трех) ценовых предложений).

      4. В стоимость исследований и консалтинговых услуг не могут включаться затраты по формированию резервов на возможные убытки, покрытие прочих долгов и убытков прошлых периодов, расходы по информационному продвижению (реклама), спонсорская помощь, штрафы, пени и неустойки, а также расходы на премиальные выплаты, проведение мастер-классов и представительские расходы.

      5. К прямым расходам относятся:

      1) заработная плата персонала организаций, непосредственно участвующих в оказании услуги;

      2) налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      3) налог на добавленную стоимость;

      4) виды обязательных страхований;

      5) командировочные расходы персонала организаций, осуществляющих исследования и консалтинговые услуги (служебные разъезды внутри страны и (или) за пределы страны);

      6) привлечение внешних экспертов;

      7) приобретение материалов (расходные материалы, канцелярские товары);

      8) транспортные услуги;

      9) полиграфические расходы (тиражирование бланочной продукции: анкет, маршрутных листов, карточек, отчетов исследований, тестовых заданий, переплет, подшивка и обработка документов);

      10) расходы на аренду помещения;

      11) курьерские услуги (рассылка материалов);

      12) банковские услуги;

      13) информационно-коммуникационные услуги, в том числе услуги связи;

      14) переводческие услуги;

      6. К косвенным (административным) расходам относятся:

      1) заработная плата административного персонала;

      2) налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      3) налог на добавленную стоимость;

      4) услуги связи;

      5) расходы на аренду помещения;

      6) виды обязательных страхований.

      7. В целях обеспечения эффективного планирования расходов, административные расходы составляют не более 20 (двадцати) процентов от суммы бюджетных средств на соответствующий финансовый год, выделенных на проведение исследований и консалтинговых услуг.

Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 мамырда № 36162 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 262/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жанама (әкімшілік) шығыстар – көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей қатысы жоқ шығыстар;

      2) тікелей шығыстар – қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібі

      3. Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу кезінде негіздеуші құжаттармен расталған тікелей және жанама (әкімшілік) шығыстар (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде 3 (үш) баға ұсынысы) ескеріледі.

      4. Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнына ықтимал шығындарға арналған резервтерді қалыптастыру жөніндегі шығыстар, өткен кезеңдердегі өзге де борыштар мен залалдарды жабу жөніндегі шығыстар, ақпараттық ілгерілету жөніндегі шығыстар (жарнама), демеушілік көмек, айыппұлдар, өсімпұлдар мен тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ сыйлықақы төлемдеріне, мастер-класстар өткізуге және өкілдік шығыстарға арналған шығыстар енгізілмейді.

      5. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:

      1) қызмет көрсетуге тікелей қатысатын ұйымдар персоналының жалақысы;

      2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) қосылған құн салығы;

      4) міндетті сақтандыру түрлері;

      5) зерттеулерді, консалтингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар персоналының іссапар шығыстары (ел ішінде және (немесе) елден тыс жерлерге қызметтік сапарлар);

      6) сыртқы сарапшыларды тарту;

      7) материалдарды сатып алу (шығыс материалдары, кеңсе тауарлары);

      8) көлік қызметтері;

      9) полиграфиялық шығыстар (бланкілік өнімдерді: сауалнамаларды, маршруттық парақтарды, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);

      10) үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар;

      11) курьерлік көрсетілетін қызметтер (материалдарды жіберу);

      12) банктің көрсетілетін қызметтері;

      13) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, оның ішінде байланыс қызметтері;

      14) аударма қызметтері.

      6. Жанама (әкімшілік) шығыстарға мыналар жатады:

      1) әкімшілік қызметкерлердің жалақысы;

      2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) қосылған құн салығы;

      4) байланыс қызметтері;

      5) үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар;

      6) міндетті сақтандыру түрлері.

      7. Шығыстарды тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік шығыстар зерттеулер мен консалтингтік қызметтер жүргізуге бөлінген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды.