Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в городе Балхаш

Решение Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 19 июня 2024 года № 14/122. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 26 июня 2024 года № 6617-09.

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 27.04.2026 № 29/239 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763), Балхашский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в городе Балхаш согласно приложению к настоящему решению

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 27.04.2026 № 29/239 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Балхашского городского маслихата:

      1) от 26 апреля 2021 года № 4/31 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи населению города Балхаш" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6331);

      2) от 26 апреля 2023 года № 2/17 "О внесении изменений и дополнения в решение Балхашского городского маслихата от 26 апреля 2021 года № 4/31 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи населению города Балхаш" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6401-09).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата А. Муслымов

  Приложение к решению
Балхашского городского
маслихата
от 19 июня 2024 года
№ 14/122

Размер и Правила оказания жилищной помощи в городе Балхаш

      Сноска. Заголовок – в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 27.04.2026 № 29/239 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Балхаш и административно-территориально прилегающих поселках, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, в размере 5 процентов.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным решением Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 27.04.2026 № 29/239 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Балхаша" (далее - уполномоченный орган).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила предоставления жилищной помощи).

      4. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах норм, утвержденных Правилами предоставления жилищной помощи.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 27.04.2026 № 29/239 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      6. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      7. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства" с предоставлением документов согласно Правилам предоставления жилищной помощи.

      8. Назначение жилищной помощи производится в течение текущего квартала, при этом совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) и расходы о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде учитываются за предшествующий квартал.

      9. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" определяется в порядке, установленном Правилами предоставления жилищной помощи.

      Сноска. Пункт 9 – в редакции решения Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 27.04.2026 № 29/239 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города Балхаша на соответствующий финансовый год.

      11. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 14/122 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 маусымда № 6617-09 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/239 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелді) сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/239 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Балқаш қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6331 болып тіркелген);

      2) 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2/17 "Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6401-09 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Муслымов

  Балқаш қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 19
маусымдағы
№ 14/122
шешіміне қосымша

Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/239 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Балқаш қаласында және әкімшілік – аумақтық іргелес кенттерде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 пайызы мөлшерінде белгіленген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/239 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

      3. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) (бұдан әрі – Тұрғын үй көмегін беру қағидасы) айқындалған тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында бекітілген нормалар шегінде есептейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/239 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына Тұрғын үй көмегін беру қағидасына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, тоқсанына бір рет жүгінеді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте, аз қамтылған отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын ай сайынғы жарналардың, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалану шығыстары есепке алынады.

      9. Мемлекеттік корпорациясынан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықталады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/239 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау, тиісті қаржы жылына Балқаш қаласының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шотына есептелген сомаларды аудару арқылы жүзеге асырады.