Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 27 марта 2024 года № 8540-04.

      Сноска. Заголовок - в редакции решения Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 02.09.2025 № 488 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 11.09.2026 № 692 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить размер и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 02.09.2025 № 488 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение Шалкарского районного маслихата от 27 октября 2023 года № 112 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8423).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шалкарского
районного маслихата
С. Бигеев

  Приложение к решению
Шалкарского районного
маслихата от 15 марта 2024 года
№ 221

Размер и правила оказания жилищной помощи в Шалкарском районе

      Сноска. Приложение - в редакции решения Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 11.09.2026 № 692 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета услугополучателям проживающим в Шалкарском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище либо его части на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Шалкарский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи в Шалкарском районе

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на текущие и накопительные взносы, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателям на эти цели, в размере 5 (пять) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах норм, согласно пункту 4-1 Правил.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или на веб-портал "цифрового правительства", согласно Правилам.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "цифрового правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных расходах на текущие и накопительные взносы и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 наурызда № 8540-04 болып тіркелді.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 02.09.2025 № 488 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 11.09.2026 № 692 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 02.09.2025 № 488 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 112 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8423 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
15 наурыздағы № 221 шешіміне
қосымша

Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 11.09.2026 № 692 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шалқар ауданында тұратын жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырылады.

2-тарау. Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес нормалар шегінде есептейді.

      5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына қағидаларға сәйкес тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен жеткізушілер ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналары бойынша ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған шоттар негізінде көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.