Об утверждении Правил формирования, функционирования приоритетных туристских территорий и управления ими

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 декабря 2021 года № 386. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2021 года № 25846.

      В соответствии с подпунктом 20-9) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования, функционирования приоритетных туристских территорий и управления ими.

      2. Комитету индустрии туризма Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

  Утверждены
приказом Министра
культуры и спорта
Республики Казахстан
от 15 декабря 2021 года № 386

Правила формирования, функционирования приоритетных туристских территорий и управления ими

      Сноска. Правила - в редакции приказа и.о. Министра туризма и спорта РК от 31.07.2026 № 146 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правилах формирования, функционирования приоритетных туристских территорий и управления ими (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 20-9) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок формирования, функционирования приоритетных туристских территорий и управления ими.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) приоритетная туристская территория – территория с особым потенциалом туристского развития, пределы которой определяются местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, города областного значения с особым статусом в соответствии с Законом Республики Казахстан;

      2) местный исполнительный орган (далее – МИО) – коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом столицы, области, города республиканского значения, района (города областного значения), осуществляющий в пределах своей компетенции местное государственное управление и самоуправление на соответствующей территории;

      3) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий функции государственного управления в области туристской деятельности.

      3. Участниками приоритетной туристской территорий являются физические и юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан (далее – участники).

Глава 2. Порядок формирования, функционирования приоритетных туристских территорий и управления ими

      4. Приоритетные туристские территории формируются МИО по результатам анализа туристского потенциала (далее – анализ).

      5. МИО проводит анализ, который включает в себя определение особого значения и наличия потенциала приоритетной туристской территории.

      6. МИО результаты анализа вносит на рассмотрение постоянно действующей комиссии, создаваемой МИО для формирования списка приоритетных туристских территорий (далее – комиссия).

      Комиссия состоит из нечетного количества членов, не менее семи человек, из числа которых назначаются председатель, заместитель председателя. Секретарем комиссии назначается работник МИО.

      В состав комиссии входят сотрудники МИО, представители заинтересованных государственных органов, независимые эксперты, представители общественности и других общественных, неправительственных отраслевых организаций.

      7. Председатель комиссии руководит ее деятельностью, проводит заседания комиссии, организует рассмотрение заявок и обеспечивает соблюдение требований настоящих Правил. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель председателя комиссии.

      8. Секретарь комиссии подготавливает материалы к заседаниям комиссии, обеспечивает извещение членов комиссии, организацию и протоколирование заседаний, а также хранение материалов и не участвует в голосовании.

      9. Положение и персональный состав комиссии утверждаются МИО.

      10. Комиссия в течение 2 (двух) рабочих дней со дня внесения МИО результатов анализа, рассматривает их и выносит одно из следующих решений:

      1) о включении в список приоритетных туристских территорий (далее - список);

      2) об отказе во включении в список;

      3) об исключении из списка.

      11. Основанием для отказа во включении в список является неудовлетворительные результаты анализа, проведенного МИО.

      12. Решение комиссии принимается голосованием и считается принятым, если за него подано большинство голосов от общего количества участвовавших в заседании членов комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председательствующий.

      13. Заседания комиссии проводятся в очной форме и (или) посредством видеоконференцсвязи и подлежат аудио- и (или) видеофиксации.

      14. Принятое решение комиссии оформляется протоколом.

      15. На основании решения комиссии о включении в список, МИО утверждает список и размещает его на своем интернет-ресурсе в течение 2 (двух) рабочих дней со дня принятия решения комиссией.

      16. Для функционирования приоритетных туристских территорий МИО создаются условия участникам для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории столицы, области, города республиканского значения путем предоставления инвестиционных преференций, предусмотренных Предпринимательским кодексом Республики Казахстан.

      17. Функционирование приоритетных туристских территорий в особо охраняемых природных территориях осуществляется путем эксплуатации рекреационных центров, гостиниц, кемпингов, музеев и других объектов обслуживания туристов, проведения любительского (спортивного) рыболовства, устройства бивачных стоянок и смотровых площадок с учетом норм рекреационных нагрузок, в зонах туристской, рекреационной и ограниченной хозяйственной деятельности.

      18. Пределы границ приоритетной туристской территории, а также их изменение определяются МИО.

      19. Управление приоритетной туристской территорией осуществляется МИО в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      Управление приоритетной туристской территорией по землям, относящимся к особо охраняемым природным территориям, осуществляется уполномоченным органом в пределах своей компетенции, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях".

      20. Исключение приоритетной туристской территории из списка осуществляется на основании решения комиссии по результатам анализа, проведенного в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил.


Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 желтоқсанда № 25846 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт
  министрінің
  2021 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 386 бұйрығымен бекітілген

Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 20-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басым туристік аумақ – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шегін айқындайтын туристік дамытудың ерекше әлеуеті бар аумақ;

      2) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      3) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – қатысушылар) басым туристік аумақтардың қатысушылары болып табылады.

2-тарау. Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару тәртібі

      4. Басым туристік аумақтар туристік әлеуетті талдау (бұдан әрі – талдау) нәтижелері бойынша ЖАО қалыптастырылады.

      5. ЖАО басым туристік аумақтың ерекше маңызы мен әлеуетінің болуын айқындауды қамтитын талдау жүргізеді.

      6. ЖАО талдау нәтижелерін басым туристік аумақтардың тізбесін қалыптастыру үшін ЖАО құратын тұрақты жұмыс істейтін комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізеді.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ болып, кемінде жеті адамнан тұрады, олардың арасынан комиссияның төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.

      Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, жұртшылық өкілдері және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      8. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

      9. Комиссия туралы ереже мен оның дербес құрамы ЖАО бекітіледі.

      10. Комиссия ЖАО талдау нәтижелерін енгізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарап, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) басым туристік аумақтар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізу туралы;

      2) тізбеге енгізуден бас тарту туралы;

      3) тізбеден шығару туралы.

      11. ЖАО жүргізген талдаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелері тізімге енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      12. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі

      13. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және олар аудио және (немесе) бейнежазбаға түсірілуге жатады.

      14. Комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделеді.

      15. Комиссияның тізбеге енгізу туралы шешімі негізінде ЖАО тізбені бекітеді және оны комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      16. Басым туристік аумақтардың жұмыс істеуі үшін ЖАО Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген инвестициялық преференциялар беру арқылы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін қатысушыларға жағдайлар жасайды.

      17. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда басым туристік аумақтардың жұмыс істеуі рекреациялық орталықтарды, қонақ үйлерді, кемпингтерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсететін басқа да объектілерді пайдалану, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу, рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, демалу, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында демалу тұрақтарын және тамашалау алаңдарын орнату арқылы жүзеге асырылады.

      18. Басым туристік аумақтар шекараларының шегін, сондай-ақ оларды өзгертуді ЖАО айқындайды.

      19. Басым туристік аумақты басқаруды ЖАО "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататын жер бойынша басым туристік аумақты басқаруды уәкілетті орган "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      20. Басым туристік аумақты тізімнен алып тастау осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жүргізілген талдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.