БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11620 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері":
коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган;
электр энергетика саласындағы уәкілетті орган;";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Алдын ала іріктеу жүргізу үшін Қарыз алушы іске асыру қажеттілігін, басымдылығын негіздей отырып, инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады және Сенім білдірілген өкілге (агентке) алдағы жоспарланған жылдың 1 наурызына дейін жібереді.";
52-тармақтың 5) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) соңғы үш жылдағы бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасы.
"Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - аудиторлық қызмет туралы Заң) сәйкес түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, аудиттелген қаржылық есептілігі ұсынылады. Қаржылық есептілік "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы ақпарат, баланс валютасында 10 % және одан да астам баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып ұсынылады;";
"9) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын субсидия алушының берешегі жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет;";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Сенім білдірілген өкілге (агентке) Қарыз алушы ұсынған құжаттар топтамасын қоса бере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қараудың қажеттілігі туралы хат жібереді.";
58-тармақ алып тасталсын;
61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Кепіл нысанының жай-күйіне, қайтарымдылығына немесе қажетті құжаттарға қатысты елеулі күмәнді жою үшін Қарыз алушы 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қосымша ақпарат ұсынбаған жағдайда, Сенім білдірілген өкіл (агент) келесі жұмыс күні қарыз алушыға құжаттардың топтамасын қайтарады.
62. Қарыз алушының/Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының анықталған сәйкессіздіктерді жоюын ескере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қолдану мерзімі ол берілген жылдың 15 сәуірінде аяқталады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өтінімі бойынша бюджеттік кредит беру мүмкіндігі/беруден бас тарту туралы қорытынды осы Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін келесі жұмыс күні Жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін Жұмыс тобының хатшысына ұсынылады.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Сенім білдірілген өкіл (агент) объектілерді көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру мақсатында жартыжылда бір реттен сиретпей объектілерге шығуды жүзеге асырады.";
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Объектілерді көзбен тексеру жүргізудің және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру қорытындылары бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, объектіні нақты тексеру (байқау) туралы есеп жасайды және Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.";
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру үшін Түпкілікті қарыз алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты Сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат Түпкілікті қарыз алушыға ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз тасығышта мынадай мерзімдерде ұсынады:
есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей;
есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.";
110-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді толық жазып көрсету (негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді топтар бойынша бөліп көрсете отырып);";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) қызмет түрлері, тұтынушылар топтары және осы тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша бөліп көрсете отырып, тарифтердің барлық түрлерін қамтитын операциялық көрсеткіштер;";
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 30-ыншы маусымынан кешіктірмей түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелерін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және Кредиторға ұсынады.
Аудиторлық қызмет туралы Заңына сәйкес түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, Түпкілікті қарыз алушының аудиттелген қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелері ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 118-тармақпен толықтырылсын:
"118. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алуды орындауы мүмкін.";
Қағидаларға 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 07.08.2025 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
|
Ж. Қасымбек
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 16 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_________________ Н. Айдапкелов
2017 жылғы " " ______________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 15 қараша
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына 1-қосымша Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 2-1-қосымша |
Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу
1. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген тиісті жылға арналған даму жоспарының негізінде жыл сайын қайта қаралады.
2. Көрсетілетін қызмет құнын айқындау тәртібі:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның көрсетілетін қызметінің құны:
1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағатқа алғандағы құны;
2) көрсетілетін қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;
3) еңбек шығынының нормалары;
4) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны негізінде айқындалады.
3. Бір адам-күнге алғандағы жоспарлы құны мына формуланың негізінде есептеледі:

мұнда:
ЖҚбір –бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-күнге мың теңге;
ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығын, мың теңге;
саны – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту ұйымының өндірістік және әкімшілік персоналының жиынтық штат саны, адам;
КК – жоспарланған кезеңдегі жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндермен алғанда (жұмыс уақыты баламасына сәйкес 40 сағаттық апта кезінде);
ТН – табыс нормасы, пайызбен алғанда.
4. Тиісті кезеңдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымындағы табыстың жоспарлы нормасы.
5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын айқындау:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымының Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде көрсетілетін қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:

мұнда:
ҚҚ – көрсетілетін қызмет құны, мың теңге;
ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;
С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны;
УН – уақыт нормасы, адам-сағатпен алғанда.
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына 2-қосымша |
|
Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат
Есептік кезең 20___ жыл ____________
Индексі: 1-ИЖІ
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын тұлғалар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент)
Қайда ұсынылады: Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
Тапсыру мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей
№
|
Жобаның атауы
|
ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге
|
Жобаны іске асыру кезеңі
|
ТЭН/ЖСҚ сәйкес нақты алғанда жұмыстың көлемі (іс-шаралар, құрауыштар)
|
жұмысты бастау мерзімі
|
жұмысты аяқтау мерзімі
|
Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері
|
іс-шараның атауы
|
ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы
|
Өспелі қорытын дысымен нақты орындау
|
ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар
|
факт
|
ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар
|
факт
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орындаушы: ___________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) байланыс телефоны
Басшы:___________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) байланыс телефоны
Мөр орны
Ескерту: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында көрсетілген.
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат"
1. "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны (бұдан әрі - Нысан) "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы сапалы ақпаратты ұсыну мақсатында әзірленеді.
2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:
"№" 1-бағанында нөмір тәртіппен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек;
"Жобаның атауы" 2-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік/ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;
"ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге" 3-бағанында жобаның жалпы құны жобалау-сметалық құжаттама бойынша (жобалық-іздестіру жұмыстарын ескере отырып) мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;
"Жобаны іске асыру кезеңі" 4 бағанында әр жылдары жұмыстары кезеңі мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес құжаттамаға арналған құрылыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейін жобалау-сметалық құрылыс-монтаж көрсетіледі;
"іс-шараның атауы" 5-бағанында жоба бойынша жұмыстардың атауы жобалау-сметалық құжаттама арналған (реконструкция/салу) мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;
"ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы" 6-бағанында желілер мен құрылыстарды реконструкциялау/салу бойынша жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда: жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы, кәріздік-тазалау құрылысының саны, су тазарту қондырғылары, қазандықтар, сорғы станциялары, ірі резервуарлар, орталықтандырылған жылу пункттерінің саны, су қабылдағыш мұнаралар саны көрсетіледі;
"Өспелі қорытындысымен нақты орындау" 7-бағанында көрсетіледі, 6-бағанда көрсетілген іс жүзінде орындалған жұмыстар көрсетіледі;
"жұмысты бастау мерзімі", "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", "факт" 8-бағанында жұмысты бастаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі;
"жұмысты аяқтау мерзімі", "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", "факт" 9-бағанында жұмыстың іс жүзінде аяқтаудың мерзімі көрсетіледі;
"Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері" 10-бағанында есепті айда орындалған жұмыстың көлемі, сондай-ақ сот талқылауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты қайтадан жариялау, құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сәйкес сияқты проблемалық мәселелер (орын алған жағдайда) көрсетіледі.
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына 3-қосымша |
|
Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат Есептік кезең 20___ жыл ____________
Индексі: 1-БКТИ
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын тұлғалар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент)
Қайда ұсынылады: Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
Тапсыру мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей
№
|
Жобаның атауы
|
Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы
|
Бюджеттік кредит қаражатының нақты келіп түсімі
|
Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені
|
Бюджеттік кредит қаражатын өтеу
|
Қарыздың қалғаны
|
Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек
|
% игерілгені (өсу қорытындысымен)
|
Орындалмаған сомасы (мың. теңге) (өсу қорытындысымен)
|
Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу
|
Ескерту
|
өспелі қорытындысымен
|
есепті ай үшін
|
өспелі қорытындысымен
|
есепті ай үшін
|
Өтелуі тиіс
|
Нақты өтелгені
|
Есептік кезеңнің басталуы
|
Есептік кезеңнің аяқталуы
|
мерзімі
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың теңге)
|
мерзімі
|
сома (мың теңге)
|
мерзімі
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың тенге)
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың теңге)
|
сома (мың теңге)
|
1
|
Облыстардың атауы
|
|
|
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Табиғи монополиялар субъектілерінің атауы
|
|
|
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
1 - жоба
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат"
1. "Бюджеттік кредиттердің келіп түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - нысан) "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы сапалы ақпаратты ұсыну қамтамасыз ету үшін әзірленген.
2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:
"№" 1-бағанында нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат тәртіп бойынша нөмірлеуді үзбеуі керек;
"Жобаның атауы" 2-бағанында жобалық-сметалық құжаттамаға арналған мемлекеттік/ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;
"Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы" республикалық бюджеттен бөлінген 3 бағанында жобаның сомасы көрсетіледі;
"Бюджеттік кредит қаражатының нақты келіп түсімі" 4-бағанында жобаның іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен келіп түскен сома көрсетіледі;
"Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені" 5-бағанында жобаны іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен игерілген ақша сомасы көрсетіледі;
"Бюджеттік кредит қаражатын өтеу" 6-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес өтелуі тиіс кредит сомасы көрсетіледі;
"Қарыздың қалғаны" 7-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша берешек сомасы көрсетіледі;
"Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек" 8-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша мерзімі өткен борыштың сомасы көрсетіледі;
"% игерілгені (өсу қорытындысымен)" 9-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген игеру процент көрсетіледі;
"Орындалмаған сомасы (мың.теңге) (өсу қорытындысымен)" 10-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген кредит бойынша пайдаланылмаған ақшаның сомасы көрсетіледі;
"Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу" 11-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сатып алған материалдар сатып алуға жүргізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;
"Ескерту" 12-бағанында жоба бойынша қосымша ақпаратпен ескерту көрсетіледі.
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 07.08.2025 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.