О досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней

Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2026 года №1521

      В соответствии с пунктом 5 статьи 88 Конституции Республики Казахстан, пунктом 3 статьи 101 Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 23 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Досрочно прекратить полномочия маслихатов всех уровней.

      2. Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан принять меры по назначению, организации подготовки и проведения внеочередных выборов депутатов маслихатов всех уровней.

      3. Правительству Республики Казахстан, акимам города Астаны, областей, городов Алматы и Шымкента принять меры по организационному, материально-техническому и финансовому обеспечению внеочередных выборов депутатов маслихатов всех уровней.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня его опубликования.

      Президент Республики Казахстан К.Токаев

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау, оны дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев