О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 14 марта 2012 года № 285 "Об Энергетическом совете при Президенте Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2025 года № 1090.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 14 марта 2012 года № 285 "Об Энергетическом совете при Президенте Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Положении об Энергетическом совете при Президенте Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Заседания Совета проводятся по мере необходимости в сроки, определяемые председателем Совета, но не реже одного раза в полугодие.

      По решению председателя Совета допускаются вынесение и рассмотрение вопросов путем заочного голосования. Заочное голосование проводится на бумажном носителе. Для проектов с пометкой "Для служебного пользования", а также содержащих государственные секреты, голосование осуществляется с соблюдением требований по защите государственных секретов.

      Срок заочного голосования членов Совета не должен превышать 1 (один) рабочий день со дня рассылки материалов по проекту решения для голосования.

      В случае наличия замечаний по проекту решения, направленному на заочное голосование, члены Совета до окончания срока заочного голосования информируют рабочий орган Совета в письменном виде.

      В случае непредставления ответа в установленный срок считается, что член Совета проголосовал за принятие проекта решения "по умолчанию".

      Заседание Совета считается правомочным, если на заседании присутствуют не менее половины его членов.

      Делегирование членами Совета своих полномочий иным должностным лицам не допускается.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Решения Совета принимаются открытым или заочным голосованием большинством голосов от общего числа членов Совета, присутствующих на заседании или участвовавших в заочном голосовании. Решения Совета носят рекомендательный характер. При равенстве голосов голос председательствующего является решающим.      .

      Члены Совета вправе выразить в письменном виде свое особое мнение, которое прилагается к протоколу.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 1090 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Кеңес төрағасының шешімі бойынша мәселелерді сырттай дауыс беру арқылы шығаруға және қарауға жол беріледі. Сырттай дауыс беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын жобалар бойынша дауыс беру мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Кеңес мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін шешімнің жобасы бойынша материалдар таратылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Сырттай дауыс беруге жіберілген шешімнің жобасы бойынша ескертулер болған жағдайда Кеңес мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңестің жұмыс органына жазбаша түрде хабар береді.

      Белгіленген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Кеңес мүшесі "әдепкі қалпы бойынша" шешімнің жобасын қабылдауды қолдап дауыс берді деп саналады.

      Кеңестің отырысы, егер оның мүшелерінің кемінде жартысы отырысқа қатысса, заңды болып саналады.

      Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кеңестің шешімдері ашық немесе сырттай дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған немесе сырттай дауыс беруге қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Кеңестің мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол хаттамаға қоса беріледі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев