О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2025 года № 403

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" следующее дополнение:

      приложение 18 к указанному постановлению дополнить строкой, порядковый номер 16, следующего содержания:

      "

16.


Повышение за работу в городе, преобразованном из категории сельского населенного пункта




Специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, работающим в организациях, содержащихся за счет средств государственного бюджета, расположенных в городском населенном пункте,
преобразованном из категории сельского населенного пункта в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", устанавливаются повышенные оклады (тарифные ставки) в течение двух лет со дня преобразования категории населенного пункта


Не менее чем на 25 %


      ".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 10 января 2024 года.

      Премьер-Министр Республики Казахстан О. Бектенов

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 403 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 18-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-жолмен толықтырылсын:

      "

16.


Ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қаладағы жұмысы үшін жоғарылату




"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қалалық елді мекенде орналасқан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға елді мекеннің санаты қайта құрылған күннен бастап екі жыл бойы жоғарылатылған айлықақы (тарифтік мөлшерлемелер) белгіленеді


25 %-дан кем емес


      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов