О внесении изменений в решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 7 ноября 2023 года № 11-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категории нуждающихся граждан в Акжарском районе Северо-Казахстанской области"

Решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 1 июля 2026 года № 42-1

      Акжарский районный маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 7 ноября 2023 года № 11-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категории нуждающихся граждан в Акжарском районе Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7617-15) следующие изменения:

      пункт 8 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "8. Социальная помощь оказывается следующим категориям нуждающихся граждан, без учета среднедушевого дохода:

      1) гражданину (семье), в случае причинении ущерба ему (им) либо его (их) имуществу вследствие стихийного бедствия – единовременно, в размере до 100 (ста) месячных расчетных показателей одному из собственников жилья (жилого строения), срок оказания не позднее шести месяцев с момента наступления ситуации;

      2) гражданину (семье), в случае причинении ущерба ему (им) либо его (их) имуществу вследствие пожара – единовременно, в размере до 100 (ста) месячных расчетных показателей одному из собственников жилья (жилого строения), срок оказания не позднее шести месяцев с момента наступления ситуации;

      3) лицам, состоящим на диспансерном учете с заболеванием туберкулез – ежемесячно в размере 7 (семи) месячных расчетных показателей;

      4) родителям или иным законным представителям инфицированных детей, вызванных вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящих на диспансерном учете – ежемесячно в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума;

      5) лицам, страдающим злокачественным новообразованием 3-4 стадии, лицам не достигших 18 лет без учета стадии – ежеквартально в размере 20 (двадцати) месячных расчетных показателей;

      6) родителям или иным законным представителям детей до 18 лет страдающими психическими, поведенческими расстройствами, один раз в год в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      7) лицам имеющим социально значимые заболевания, согласно Перечня социально-значимых заболеваний, утвержденного Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-108/2020 "Об утверждении перечня социально-значимых заболеваний" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21263) – один раз в год в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей.

      Для оказания социальной помощи по основаниям, указанным в настоящем пункте проведение обследований материально-бытового положения лица (семьи) не требуется.";

      пункт 9 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "9. Социальная помощь оказывается многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, после среднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими восемнадцатилетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста), с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума, устанавливаемому на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, один раз в год в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области М. Жусупбеков

"Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 42-1 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617-15 болып тіркелді) келесі өзгерістер еңгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) азаматқа (отбасына), дүлей апат салдарынан оған (оларға) немесе оның (олардың) мүлкіне залал келгені бойынша жағдай туындаған сәттен бастап, өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштерге дейінгі мөлшерінде;

      2) азаматқа (отбасына), өрт салдарынан оған (оларға) немесе оның (олардың) мүлкіне залал келгені бойынша жағдай туындаған сәттен бастап, өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштерге дейінгі мөлшерінде;

      3) туберкулезге қарсы диспансерлік есепте тұрған адамдарға – ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

      4) адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, диспансерлік есепте тұрған жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне – ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      5) 3-4 сатыдағы қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарға, сатысын есептемегенде 18 жасқа толмаған адамдарға денсаулық сақтау мекемесінен – тоқсан сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде анықтама ұсыну бойынша;

      6) психикасының немесе мінез-құлқының бұзылуынан зардап шегетін 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға – жылына бір рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.

      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.";

      көрсетілген шешімнің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтыны ескеріле отырып, жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихат төрағасы М. Жүсіпбеков