О внесении дополнения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 16 сентября 2024 года № 301 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Управление внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 30 июня 2026 года № 173

      Акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 16 сентября 2024 года № 301 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Управление внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области" следующее дополнение:

      в положении о коммунальном государственном учреждении "Управление внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 14 дополнить подпунктом 25) следующего содержания:

      "25) осуществление проверки по соблюдению требования национальных стандартов, предъявляемых к Государственному Флагу Республики Казахстан и Государственному Гербу Республики Казахстан по использованию (установлению, размещению) на территории области, составление протоколов об административных правонарушениях и рассмотрение в соответствии с пунктом 1 статьи 729 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" дел об административных правонарушениях.".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) известить регистрирующий орган о внесенном дополнении в срок, установленный законодательством Республики Казахстан;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) разместить настоящее постановление на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Северо-Казахстанской области Г. Нурмухамбетов

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 173 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

      "25) облыс аумағында пайдаланылатын (орнатылатын, орналастырылатын) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарт талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 729-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) тіркеуші органды енгізілген толықтыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етсін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдасын;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов