О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 4 февраля 2019 года № 1/89 "О некоторых вопросах реорганизации коммунального государственного учреждения "Аппарат акима города Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 9 февраля 2026 года № 1/76

      Акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Алматы от 4 февраля 2019 года № 1/89 "О некоторых вопросах реорганизации коммунального государственного учреждения "Аппарат акима города Алматы" следующие дополнения:

      в Положении о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима города Алматы":

      пункт 14 дополнить подпунктами 26-1), 26-2), 26-3) следующего содержания:

      "26-1) обеспечение деятельности Алматинской городской комиссии по вопросам противодействия коррупции, Антитеррористической комиссии при акимате города Алматы, Межведомственного штаба по координации деятельности государственных органов направленной на противодействие наркомании и наркопреступности, Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений при акимате города Алматы, Комиссии по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка, Регионального оперативного штаба по координации деятельности государственных органов по обеспечению общественной безопасности при угрозе и возникновению кризисной ситуации, содействие в работе Алматинского городского оперативного штаба по борьбе с терроризмом;

      26-2) организация и координация деятельности по профилактике терроризма и экстремизма, а также по минимизации и (или) ликвидации последствий террористических проявлений на территории города Алматы через Антитеррористическую комиссию;

      26-3) анализ информации и иных материалов, поступающих от исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, и других уполномоченных государственных органов по вопросам обеспечения общественной безопасности, борьбы с преступностью, профилактики правонарушений, противодействия коррупции, экстремизму и терроризму;".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима города Алматы" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) извещение органов юстиции города Алматы о внесенных изменениях в учредительный документ;

      2) направление настоящего постановления в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Алматы.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Д. Сатыбалды

Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 1/76 қаулысы

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

      14 тармақ келесі мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс- қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның, дағдарыс жағдайының қаупі мен туындауы кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік жедел штабтың қызметін қамтамасыз ету, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабтың жұмысына жәрдемдесу;

      26-2) терроризмге қарсы комиссия арқылы терроризм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында террористік көріністердің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;

      26-3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түсетін ақпаратты және өзге де материалдарды талдау;".

      2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды