О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 2 марта 2025 года № 92 "Об установлении норматива перечисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, по городу Жанаозен"

Постановление акимата города Жанаозен Мангистауской области от 15 июня 2026 года № 346

      Акимат города Жанаозен ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Жанаозен от 2 марта 2025 года № 92 "Об установлении норматива перечисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, по городу Жанаозен" следующие изменения:

      пункт 1 указанного постановления изложить в новой редакции:

      "1. Установить норматив перечисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий на праве хозяйственного ведения по городу Жанаозен, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий, в соответствии с приложением к настоящему постановлению, для следующих предприятий: государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "ОЗЕНИНВЕСТ" акимата города Жанаозен, государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Өзен Жылу" акимата города Жанаозен, государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Озенэнергосервис" акимата города Жанаозен и государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Таза-Жанаозен" акимата города Жанаозен";

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Жанаозен Худибаева Н.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима города Жанаозен М. Мұқаш

  Приложение к постановлению
  акимата города Жанаозен
  от 15 июня 2026 года

Норматив отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения по городу Жанаозен

      1. Норматив отчисления чистого дохода коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения по городу Жанаозен в местный бюджет определяется следующим образом:

П/н

Название предприятий

Размер чистого дохода

Сумма чистого дохода подлежащая переводу

1
2
3
4

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "ОЗЕНИНВЕСТ" акимата города Жанаозен;
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения Өзен Жылу" акимата города Жанаозен; Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Озенэнергосервис" акимата города Жанаозен;
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Таза-Жанаозен" акимата города Жанаозен.

чистый доход до 3 000 000 тенге

5 процентов от суммы чистого дохода

чистый доход от 3 000 001 тенге до 50 000 000 тенге

150 000 тенге + 10 процентов от суммы, превышающий чистый доход в размере 3 000 000 тенге

чистый доход от 50 000 001 тенге до 250 000 000 тенге

4 850 000 тенге + 15 процентов от суммы, превышающий чистый доход в размере 50 000 000 тенге

чистый доход от 250 000 001 тенге до 500 000 000 тенге

34 850 000 тенге + 25 процентов от суммы, превышающий чистый доход в размере 250 000 000 тенге

      2. Оставшуюся в распоряжении коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, части чистого дохода направлять на развитие предприятия, на конкретные проекты, согласованные с органом государственного управления.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 наурыздағы № 92 "Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 364 қаулысы

      Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 наурыздағы № 92 "Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын.

      "1. Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "ӨЗЕНИНВЕСТ" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзен Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Таза-Жаңаөзен" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсiн";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы М. Мұқаш

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы 15 маусымдағы
  № 346 қаулысына қосымша

Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      1. Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Р/с

Кәсіпорындардың атауы

Таза кіріс мөлшері

Аударылуға жататын таза кіріс сомасы

1.
2.
3.
4.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "ӨЗЕНИНВЕСТ" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны; Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзен Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Таза-Жаңаөзен" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;

таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

      2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың игілігінде қалған таза кіріс бөліктері кәсіпорынды дамытуға, мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобаларға жіберілсін.