"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Көрсеткіштерді есептеу әдістемесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі
|
Н. Нұржігітов
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Көрсеткіштерді есептеу әдістемесі
1-бөлім. Есептелетін әкімшілік көрсеткіштердің тізбесі
№
|
Әкімшілік көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Әкімшілік нысанның/ақпараттық жүйенің атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберудің көлемі
|
миллион м3/жыл
|
Су объектісінің табиғи режимін, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, сондай-ақ су тасқыны кезінде өзен арналарының шайылуын қамтамасыз ету үшін табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу туралы мәліметтер
|
2
|
Қосымша жинақталған судың көлемі
|
миллион м3/жыл
|
Қазақстан Республикасының Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі
|
3.
|
Көпфакторлы зерттеп-қараудан өткен гидротехникалық құрылысжайлар саны
|
бірлік
|
Көпфакторлы зерттеп-қараудан өткен гидротехникалық құрылысжайлар саны туралы мәліметтер
|
4.
|
Экономика салалары мен халықты сумен қамтамасыз етуді қамтамасыз ету үшін республикалық меншіктегі су қоймаларында су ресурстарын жинақтау көлемі
|
миллиард м3/жыл
|
Қазақстан Республикасының Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі
|
2-бөлім. "Табиғат қорғау мақсатындағы су жіберудің көлемі" әкімшілік көрсеткішті есептеу алгоритмі
1.
|
Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдық аппарат)
|
Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу – бұл жайылма шалғындарды жасанды түрде суландыруға және экожүйелердің тепе-теңдігін сақтауға бағытталған су қоймаларынан суды мақсатты әрі бақылаулы түрде ағызу. Олар табиғат пен ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқарады
|
2.
|
Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері
|
Жыл сайын
|
3.
|
Ақпараттық жүйеге сілтемені және әкімшілік көрсеткіш бойынша есептік деректердің орналастырылатын орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайт пен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып)
|
Қазақстан Республикасының Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (https://qazsu.gov.kz)
|
4.
|
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және нақты реттілігі көрсетілген әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі
|
Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу көлемін есептеудің негізгі формуласы:
V= Qxt
Мұнда:
V – табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу көлемі, м3;
Q – су шығыны, м3 /с;
t – су жіберу уақыты, с.
Егер орташа тәуліктік табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу көлемін анықтау қажет болса:
V – "тәу" = Qx86400
Мұнда:
V – "тәу" - судың тәуліктік көлемі, м3 /тәулік;
Q – 86400 – секундтың тәуліктегі саны.
|
"Қосымша жинақталған судың көлемі" әкімшілік көрсеткішті есептеу алгоритмі
1.
|
Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдық аппарат)
|
Қосымша жинақталған су көлемі – жаңа немесе қолданыстағы су қоймалары пайдалануға берілгеннен кейін оларда жиналған, текше метрмен көрсетілетін және жинақталған су ресурстарының көлемін сипаттайтын су көлемі.
|
2.
|
Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру мерзімділігі мен мерзімдері
|
Жыл сайын
|
3.
|
Ақпараттық жүйеге сілтемені және әкімшілік көрсеткіш бойынша есептік деректердің орналастырылатын орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайт пен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып)
|
Қазақстан Республикасының Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі
(https://qazsu.gov.kz)
|
4.
|
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және нақты реттілігі көрсетілген әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі
|
Қосымша жинақталған су көлемі екі іс-шара бойынша есептеледі: жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау.
Бұл ретте көрсеткіш іс-шараны іске асыру нәтижесінде объект пайдалануға берілгеннен кейін жинақталуы мүмкін судың қосымша көлемін көрсетеді.
Жылдық жалпы көрсеткіш мынадай формула бойынша айқындалады:
Vқос = Vжаң + Vрек
мұндағы:
Vқос – суды қосымша жинақтаудың жалпы көлемі, миллион м³/жыл;
Vжаң – жаңа су қоймаларын салу есебінен суды қосымша жинақтау көлемі, миллион м³/жыл;
Vрек – қолданыстағы гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау есебінен суды қосымша жинақтау көлемі, миллион м³/жыл.
Жаңа су қоймалары бойынша есептеу:
Формула:
Vжаң = S Vжоба
мұндағы:
Vжаң – есепті жылы пайдалануға берілген жаңа су қоймалары есебінен суды қосымша жинақтаудың жалпы көлемі, миллион м³;
Vжоба – есепті жылы пайдалануға берілген әрбір жаңа су қоймасының жобалық көлемі, млн м³;
S – есепті жылы пайдалануға берілген барлық жаңа су қоймаларының жобалық көлемдерін қосу белгісі.
Реконструкцияланған гидротехникалық құрылысжайлар бойынша есептеу:
Бұл ретте реконструкциялау нәтижесінде пайда болған суды жинақтау көлемінің өсімі ғана есепке алынады.
Формула:
Vрек = Vкейін − Vдейін
мұндағы:
Vкейін – реконструкция аяқталғаннан кейінгі суды жинақтау көлемі, миллион м³;
Vдейін – реконструкция жүргізілгенге дейінгі суды жинақтау көлемі, миллион м³.
|
"Көпфакторлы зерттеп-қарау өткен гидротехникалық құрылысжайлар саны" әкімшілік көрсеткішті есептеу алгоритмі
1.
|
Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдық аппарат)
|
Көзбен қарап-тексеру әдісімен және инженерлік (геодезиялық, геофизикалық, геотехникалық, гидрографиялық және басқа да) зерттеулер кешенін жүргізу арқылы гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйін бағалау, олардың элементтерінің қалдық ресурсын айқындау
|
2.
|
Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру мерзімділігі мен мерзімдері
|
Жыл сайын
|
3.
|
Ақпараттық жүйеге сілтемені және әкімшілік көрсеткіш бойынша есептік деректердің орналастырылатын орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайт пен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып)
|
Астаның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын
(https://minsu.qujat.gov.kz)
|
4.
|
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және нақты реттілігі көрсетілген әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі
|
1) көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу үшін меншік иесі (иеленуші) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі критерилерін анықтауды жүргізеді;
2) меншік иесі (иеленуші) көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу үшін қаражат қарастырады;
3) меншік иесі (иеленуші) мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып-алуды жүргізеді;
4) көпфакторлы зерттеп-қараудың қорытындысы, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №156-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36350 болып тіркелген) Гидротехникалық құрылысжайларға көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларына 1-қосымша нысаны бойынша гидротехникалық құрылысжайдың техникалық жай-күйінің бағалауы көрсетілген актімен рәсімделеді;
5) көпфакторлы зерттеп-қараудың қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздігі декларациясы жасалады;
6) қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №230-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36821 болып тіркелген) 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша есебі жолданады;
7) өлшем бірліктері: бір жыл ішінде көпфакторлы зерттеп-қарауға жататын гидротехникалық құрылысжайлардың саны, бірлік/жыл.
|
"Экономика салалары мен халықты сумен қамтамасыз етуді қамтамасыз ету үшін республикалық меншіктегі су қоймаларында су ресурстарын жинақтау көлемі" әкімшілік көрсеткішті есептеу алгоритмі
1.
|
Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдық аппарат)
|
Су қоймаларындағы су ресурстарының жинақталу көлемі – есепті күнге немесе есепті кезең ішінде жинақталған, текше метрмен көрсетілетін және жинақталған су ресурстарының көлемін сипаттайтын су көлемі.
|
2.
|
Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру мерзімділігі мен мерзімдері
|
Жыл сайын
|
3.
|
Ақпараттық жүйеге сілтемені және әкімшілік көрсеткіш бойынша есептік деректердің орналастырылатын орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайт пен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып)
|
Қазақстан Республикасының Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі
(https://qazsu.gov.kz)
|
4.
|
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және нақты реттілігі көрсетілген әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі
|
Су қоймасындағы су көлемі: кесте бойынша "деңгей - көлем" немесе су бетінің ауданы және орташа тереңдігі бойынша есептеу әдісімен анықталады.
Есептеу әдісімен қолданған кезде келесі формула қолданылады:
Ⅴ=SxHcp
Мұнда:
Ⅴ – су көлемі, м3;
S – су бетінің ауданы, м2;
Hcp – орташа тереңдігі, м.
Судың қазіргі деңгейі және жиналған көлемі туралы алынған ақпарат су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізіледі
|