О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 февраля 2024 года № 12/қе "Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам продовольственного пайка отдельным категориям сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 14 июля 2026 года № 61/қе

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 февраля 2024 года № 12/қе "Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам продовольственного пайка отдельным категориям сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Правилах выплаты денежной компенсации при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам продовольственного пайка отдельным категориям сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила выплаты денежной компенсации при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам продовольственного пайка отдельным категориям сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан (далее – Правила) определяют порядок выплаты денежной компенсации (далее – денежная компенсация) при отсутствии возможности обеспечения питанием по натуральным нормам обеспечения продовольственными пайками отдельных категорий сотрудников с учетом особенностей прохождения службы, а также норм снабжения техникой, столово-кухонным оборудованием и посудой органов национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденным приказом Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – КНБ) от 25 сентября 2025 года № 85/ҚБП (далее – норма продовольственного пайка), отдельным категориям сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан (далее – сотрудники ОНБ).

      2. Выплата денежной компенсации производится в целях возмещения расходов сотрудников ОНБ на питание, в соответствии с пунктом 4 статьи 73 Закона Республики Казахстан "О специальных государственных органах Республики Казахстан".

      При заступлении сотрудника ОНБ в суточный наряд, на боевое дежурство или боевую службу денежная компенсация выплачивается не более одного раза за календарные сутки одному сотруднику, независимо от количества случаев его заступления в суточный наряд, на боевое дежурство или боевую службу в указанный период.

      В случае нахождения сотрудника ОНБ в служебной командировке и возмещения ему в установленном порядке суточных расходов выплата денежной компенсации не осуществляется.";

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Перечень учреждений (подразделений) ОНБ, в которых отсутствует возможность обеспечения питанием по общему пайку норм продовольственных пайков на соответствующий период (далее – Перечень), формируется Департаментом материально-технического обеспечения Службы финансового и материально-технического обеспечения КНБ по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Перечень утверждается приказом заместителя Председателя КНБ, направляющего вопросы финансового и материально-технического обеспечения, и рассылается в учреждения (подразделения) КНБ не позднее 20 декабря года, предшествующего году выплаты денежной компенсации.

      5. Размер денежной компенсации определяется исходя из стоимости общего пайка, установленной в соответствии с главой 1 нормы продовольственного пайка для сотрудника, определенной бюджетным запросом на соответствующий финансовый год.";

      приложения 1 и 2 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту материально-технического обеспечения Службы финансового и материально-технического обеспечения Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      2) направление настоящего приказа в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в соответствии с требованиями пункта 10 Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 472 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 33059);

      3) в течение десяти рабочих дней после направления настоящего приказа в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
генерал-лейтенант
национальной безопасности`
Е. Сагимбаев

  Приложение 1
к приказу Председателя
Комитета национальной
безопасности
Республики Казахстан
от 14 июля 2026 года № 61/қе

  Приложение 1 к Правилам
выплаты денежной компенсации
в размере стоимости общего
пайка при отсутствии
возможности обеспечения
питанием по установленным
нормам основных
продовольственных пайков
отдельным категориям
сотрудников органов
национальной безопасности
Республики Казахстан
  Форма

Перечень учреждений (подразделений) ОНБ, в которых отсутствует возможность обеспечения питанием по общему пайку норм продовольственных пайков на ________ год

№ п/п

Наименование учреждений (подразделений)

Наименование структурных подразделений








































  Приложение 2
к приказу Председателя
Комитета национальной
безопасности
Республики Казахстан
от 14 июля 2026 года № 61/қе
  Приложение 2 к Правилам
выплаты денежной компенсации
в размере стоимости общего
пайка при отсутствии
возможности обеспечения
питанием по установленным
нормам основных
продовольственных пайков
отдельным категориям
сотрудников органов
национальной безопасности
Республики Казахстан
  Форма

Список сотрудников, которым выплачивается денежная компенсация

№ п/п

Специальное звание

Фамилия, имя, отчество
(при его наличии)

Количество нарядов в месяц

Общая сумма
























































            Руководитель подразделения
      ______________________________________________________
      должность, подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии)

"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 12/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 64/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 12/қе бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне (бұдан әрі – ҰҚО қызметкерлері), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының (бұдан әрі – ҰҚК) 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 85/ҚБП бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттарын қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ техникамен, асханалық-ас үйлік жабдықпен және ыдыспен жабдықтау нормалары бойынша (бұдан әрі – азық-түлік үлесінің нормасы) тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Ақшалай өтемақы төлеу "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес ҰҚО қызметкерлерінің тамақтандыру шығыстарын өтеу мақсатында жүргізіледі.

      ҰҚО қызметкері тәуліктік нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке немесе жауынгерлік қызметке түскен кезде оның күнтізбелік тәулік ішінде тәуліктік нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке немесе жауынгерлік қызметке түскен жағдайларының санына қарамастан, бір қызметкерге көрсетілген кезеңде бір реттен көп емес ақшалай өтемақы төленеді.

      ҰҚО қызметкері қызметтік іссапарда болған және оған белгіленген тәртіппен тәуліктік шығыстар өтелген жағдайда, ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тиісті кезеңге арналған азық-түлік үлесі нормасының жалпы үлесі бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҚК Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті қалыптастырады.

      Тізбе қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін бағыттайтын ҰҚК Төрағасы орынбасарының бұйрығымен бекітіледі және ақшалай өтемақы төлеу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей ҰҚК мекемелеріне (бөлімшелеріне) жіберіледі.

      5. Ақшалай өтемақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік сұранымда айқындалған қызметкер үшін азық-түлік үлесі нормасының 1-тарауына сәйкес белгіленген жалпы үлес құны негізінде айқындалады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 61/қе бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы
қызметкерлеріне азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз
ету мүмкіндігі болмаған кезде
ақшалай өтемақы төлеу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

______ жылға арналған азық-түлік үлесі нормасының жалпы үлесі бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тізбесі

Р/с

Мекемелердің (бөлімшелердің) атауы

Құрылымдық бөлімшелердің атауы














































  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 61/қе бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы
қызметкерлеріне азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз
ету мүмкіндігі болмаған кезде
ақшалай өтемақы төлеу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Ақшалай өтемақы төленетін қызметкерлердің тізімі

Р/с

Арнаулы атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бір айдағы нарядтар саны

Жалпы сома





























































      Бөлімше басшысы _____________________________________________________

      лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)