О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Совместные постановление акимата города Сатпаев области Ұлытау от 20 марта 2026 года № 14/04 и решение Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 20 марта 2026 года № 263

      В соответствии со статьей 13 Закона "О транспорте в Республике Казахстан" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Сатпаев ПОСТАНОВЛЯЕТ и Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить бесплатный проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям граждан города Сатпаев:

      1) лицам, приравненным по льготам к участникам Великой Отечественной войны, статус которых определена статей 6 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" – бесплатный проезд;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств – бесплатный проезд;

      3) ветеранам труда – бесплатный проезд;

      4) пенсионерам – бесплатный проезд;

      6) лицам с инвалидностью первой, второй, третьей групп – бесплатный проезд;

      7) детям с инвалидностью до семи лет, детям с инвалидностью с семи до восемнадцати лет – бесплатный проезд;

      8) многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения по общеобразовательным или профессиональным программам в организациях общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими восемнадцатилетнего возраста до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) и многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени – бесплатный проезд.".

      2. Источником финансирования определить городской бюджет.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата города Сатпаев и решения Сатпаевского городского маслихата возложить на заместителя акима города Сатпаев (Мұхан Д.Қ.) и председателя постоянной комиссии городского маслихата по вопросом социальной сферы, правопорядка и социальной защиты населения (Балмұқан Е.Б.).

      4. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Аким города Сатпаев М. Бурибаев
      Председатель Сатпаевского городского маслихата К. Балмагамбетов

Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 14/04 бірлескен қаулысы және Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру Сәтбаев қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

      1) мәртебесі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабымен айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – тегін жол жүру;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;

      3) еңбек ардагерлеріне – тегін жол жүру;

      4) зейнеткерлерге – тегін жол жүру;

      5) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;

      6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – тегін жол жүру;

      7) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға және "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – тегін жол жүру.".

      2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын.

      3. Осы бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігі қаулысының және Сәтбаев қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасарына (Д.Қ. Мұхан) қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Е.Б. Балмұқан) жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі М. Бөрібаев
      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов