Об утверждении Порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат

Постановление акимата области Абай от 3 апреля 2026 года № 56

       В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", приказом Министра финансов Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 863 "Об утверждении Типовых правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17522), акимат области Абай ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) порядок использования средств, предусмотренных на представительские затраты, согласно приложению 1;

      2) нормы представительских затрат, согласно приложению 2.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата области Абай от 4 августа 2023 года № 139 "Об утверждении Порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат".

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима области Абай" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по области Абай для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата области Абай, после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением постановления возложить на руководителя аппарата акима области Абай Бакпаева Э. К.

      Аким области Абай Б. Уали

  Приложение 1
к постановлению акимата
области Абай
от "03" апреля 2026 года
№ 56

Порядок использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительных затрат

1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат (далее-Порядок) определяет порядок использования средств на представительские затраты и норм представительских затрат за счет средств местного бюджета.

      2. Представительские затраты - средства, предусмотренные в местном бюджете на соответствующий финансовый год и используемые для приема иностранных делегаций, проведение заседаний, конференций, совещаний, семинаров, торжественных и официальных мероприятий.

      К представительским затратам относятся:

      1) аренда помещения для проведения мероприятия;

      2) официальные завтраки, обеды, ужины, фуршеты, кофе-брейки;

      3) услуги переводчиков;

      4) автотранспортное обслуживание;

      5) приобретение сувениров, памятных подарков;

      6) иные затраты, разрешенные акимом области.

2. Порядок использования средств на представительские затраты

      3. Выделение средств из местного бюджета на представительские затраты осуществляется на основании Плана мероприятий, разработанного администратором бюджетной программы, согласованного местным уполномоченным органом по планированию бюджета и утвержденного акимом области, с учетом норм представительских затрат.

      4. Потребность в представительских затратах определяется администратором бюджетной программы с учетом выполнения возложенных функций и полномочий на основе результатов анализа необходимости, обоснованности и целесообразности осуществления данных затрат.

      5. Основанием для выделения администратору бюджетной программы средств на представительские затраты является наличие следующих документов:

      1) обоснование необходимости проведения мероприятия;

      2) программа пребывания официальной делегации;

      3) план мероприятия;

      4) данные о количестве участников;

      5) смета расходов с расчетами по каждой статье затрат в соответствии с нормами представительских затрат и документы, подтверждающие объем затрат (калькуляция затрат с указанием стоимости товаров, работ, услуг, а также реквизиты организаций, которые предлагают товары, работы, услуги, прайс-листы и иные документы);

      6) заключение местного уполномоченного органа по исполнению бюджета по смете расходов.

      6. Администратор бюджетной программы в течение 10 календарных дней после проведения мероприятия представляет местному уполномоченному органу по исполнению бюджета отчет об использовании средств, выделенных на представительские затраты, за подписью первого руководителя (лица, его заменяющего) с приложением:

      1) основания для проведения мероприятия, сметы расходов и документов, предусмотренных подпунктами 2) и 4) пункта 5 настоящего порядка;

      2) документа, подтверждающего фактическое количество участников;

      3) копий документов, подтверждающих фактические затраты по смете расходов (квитанции, счета-фактуры, накладные, акты выполненных работ (оказанных услуг) с указанием стоимости и объема приобретенных товаров, работ и услуг, договора).

  Приложение 2
к постановлению акимата
области Абай
от "03" апреля 2026 года
№ 56

Нормы представительских затрат

р/с

Наименование расходов Стоимость в тенге

1.
 
 

Расходы на проведение приемов (завтрак, обед, ужин, фуршеты) для делегаций, в расчете на одного человека в день

До 8 МРП на одного человека
"на высоком уровне" до
10 МРП

2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Расходы на проведение приемов, предусмотренных Государственным протоколом Республики Казахстан, и для лиц, прибывших с другими официальными визитами (завтрак, обед, ужин), для Президента РК, официальных делегаций с участием Президента РК, Премьер-Министра РК, председателей Палат Парламента РК, Государственного секретаря РК, заместителя Премьер-Министра РК, Министра иностранных дел РК и иностранных делегаций, на одного человека за один присест

До 10 МРП

3.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оплата услуг устного синхронного перевода (из расчета почасовой оплаты)

С государственного языка на русский язык и обратно: до
5 МРП
С европейских языков (английский, французский, немецкий, испанский, итальянский) на государственный и/или русский языки: до 6 МРП
С восточных языков (тюркские, арабский, персидский, китайский, корейский, японский) на государственный и/или русский языки: до 8 МРП
С других редких языков (отличных от вышеуказанных) на государственный и/или русский языки: до 8 МРП

4.
 
 
 
 
 
 
 
 

Оплата транспортных расходов (из расчета почасовой оплаты)

Легковые автомобили — до
1,6 МРП Микроавтобусы — до
1,8 МРП
Автобусы — до 2,1 МРП
(независимо от уровня мероприятия)

5.

Аренда помещения для проведения конференций, мероприятий, за 1 кв. метр в день

До 2 МРП

6.

Расходы на праздничное оформление места проведения мероприятий (оформление живыми цветами), на 1 куб. метр

До 40 МРП

7.
 
 

Приобретение сувениров, памятных подарков для иностранных делегаций и других официальных лиц, в расчете на одного человека

по наименьшей стоимости из предложенных ценовых предложений

8.
 
 

Прочие расходы

по наименьшей стоимости из предложенных ценовых предложений

      Примечание:

      1. При проведении официальных приемов количество участников со стороны Республики Казахстан не должно превышать количество участников со стороны иностранной делегации.

      2. Если состав делегации превышает пять человек, количество сопровождающих лиц и обслуживающих переводчиков (кроме переводчиков-синхронистов) устанавливается из расчета один сопровождающий или один переводчик на каждые пять членов делегации.

Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы

Абай облысының әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 56 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17522 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі 1–қосымшаға сәйкес;

      2) өкілдік шығындардың нормалары 2 – қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 139 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Абай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Э. Қ. Бақпаевқа жүктелсін.

      Абай облысының әкімі Б. Уәли

  Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы "03" сәуірдегі
№ 56 қаулысына
1-қосымша

Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі және өкілдік шығындардың нормалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін мен өкілдік шығындардың нормалары (әрі қарай – Тәртіп) жергілікті бюджет есебінен қаражатты өкілдік шығындарға пайдалану тәртібін мен өкілдік шығындардың нормаларын айқындайды.

      2. Өкілдік шығындар – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге бөлінетін қаражат.

      Өкiлдік шығындарға:

      1) іс-шараларды өткiзу үшiн үй-жайды жалға алу;

      2) ресми таңғы ас, түскi ас, кешкi ас, фуршеттер, кофе-брейктер;

      3) аудармашылардың қызметтері;

      4) автокөлiкпен қызмет көрсету жатады.

      5) кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алуға;

      6) облыстың әкімі рұқсат еткен өзге шығыстарға арналған шығындар жатады.

2. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі

      3. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығындарға қаражат бөлу, бюджеттік бағдарлама әкімшісімен құрастырылған, бюджетті жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілген және өкілдік шығындардың нормаларын есепке ала отырып, облыс әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.

      4. Өкілдік шығындарға қажеттілік, көрсетілген шығындарды жүзеге асырудың қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелерінің негізінде жүктелген функциялар мен уәкілеттіліктерін орындауды ескере отырып, бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен айқындалады.

      5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне өкілдік шығындар үшін қаражат бөлуде келесі құжаттардың болуы негіз болып табылады:

      1) іс-шараны өткізу қажеттігінің негіздемесі;

      2) ресми делегация келуінің бағдарламасы;

      3) іс-шара жоспары;

      4) қатысушылар саны туралы деректер;

      5) өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес шығындардың әрбір бабы бойынша есептерімен шығыстар сметасы және шығындар көлемін растайтын құжаттар (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құнын көрсету арқылы шығындар калькуляциясы, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын ұйымдардың деректемелері, прайс-парақтар және өзге де құжаттар);

      6) шығындар сметасы бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті атқарушы органның қорытындысы.

      6. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі іс-шара өткізілгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бірінші басшының (оны ауыстыратын тұлғаның) қолтаңбасымен өкілдік шығындарға бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепті ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

      1) іс-шараны өткізу үшін негіздеме, осы тәртібінің 5-тармағы, 2) және 4) тармақшаларында қарастырылған шығыстар сметасы мен құжаттар;

      2) қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;

      3) шығыстар сметасы бойынша нақты шығындарды растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемі көрсетілген түбіртектер, есепшот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері).

  Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы "03" сәуірдегі
№ 56 қаулысына
2-қосымша

Өкілдік шығындардың нормалары

р/с
Шығындардың атауы Құны теңгемен

1.

Қабылдаулар өткізуге шығындар
(таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, фуршеттер)
делегациялар үшін күніне бір адам есебінен саналады

8 АЕК-ке дейін 1 адамға
"жоғары деңгейде" 10 АЕК-ке дейін

2.

Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Президенті қатысуымен келген ресми делегацияларға, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Парламенті төрағаларына, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Премьер-Министрі орынбасарына, ҚР Сыртқы істер министрі және шетел делегацияларына, ҚР Мемлекеттік хаттамасында қарастырылған қабылдауларды өткізуге және басқа да ресми сапарлармен келген тұлғаларға арналған шығындар, (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) бір отырыста бір адамға шаққанда

 
 
 
 
 
10 АЕК-ке дейін

3.

Ауызша синхронды аударым
қызметінің ақысын төлеу
(сағаттық төлем есебінен)

Мемлекеттік тілден орыс тіліне және кері бағытта
5 АЕК-ке дейін
Еуропалық тілдерден
(ағылшын, француз, неміс, испан, итальян)
мемлекеттік тілге
және/немесе
орыс тіліне
6 АЕК-ке дейін
Шығыс тілдерден
(түркі, араб, парсы,қытай, корея, жапон)
мемлекеттік тілге
және/немесе
орыс тіліне
8 АЕК-ке дейін
Басқа сирек тілдерден
(жоғарыдағылардан өзгеше) мемлекеттік тілге
және/немесе
орыс тіліне
8 АЕК-ке дейін

4.

Көлік шығындарын төлеу (сағаттық төлем есебінен)
 

Жеңіл көліктер – 1,6 АЕК-ке дейін
Шағын автобустар – 1,8 АЕК-ке дейін
автобустар – 2,1 АЕК-ке дейін
(іс-шараның деңгейіне қарамастан)

5.

Конференциялар, іс-шаралар өткізу үшін үй-жайды жалдауға күніне 1 шаршы /метріне

 
2 АЕК-ке дейін

6.

Іс-шараларды өткізу орнын салтанатты безендіру шығыстары (тірі гүлдермен безендіру), 1 текше/ метріне

 
40 АЕК-ке дейін

7.

Шетел делегацияларына және басқа да ресми тұлғаларға кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алуға, бір адамға шаққанда

Ұсынылған баға ұсыныстарының ең төмен құны бойынша

8.

Басқа шығыстар
 

Ұсынылған баға ұсыныстарының ең төмен құны бойынша

      Ескерту:

      1. Ресми қабылдаулар кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылар саны шетел делегациясы тарапынан қатысушылар санынан аспауы тиіс.

      2. Егер делегация құрамы бес адамнан жоғары болса, еріп жүргендер мен қызмет көрсететін аудармашылар саны (синхронды аудармашыдан басқа) делегацияның кем дегенде бес мүшесіне бір еріп жүрген немесе бір аудармашы есебінен белгіленеді.