Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба

Решение акима Талгарского района Алматинской области от 3 февраля 2026 года № 02-02

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", приказом исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола внеочередного заседания районной комиссии по предупреждению и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций по Талгарскому району от 06 января 2026 года № 1, аким Талгарского района РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением пожара в блочно-модульной котельной жилого комплекса "Аспан Сити" дом № 1А по улице Кошкарбаева, село Бесагаш, Бесагашского сельского округа, Талгарского района, объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера объектового масштаба.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба, назначить курирующего заместителя акима Талгарского района Каспакбаева О.О. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из настоящего решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Талгарского района Айдарбеков Т.Е.

Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 02-02 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Талғар ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 06 қантардағы № 1 хаттамасы негізінде, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округі, Бесағаш ауылы, Қошқарбаев көшесі, №1А үй мекенжайында орналасқан "Аспан Сити" тұрғын үй кешенінің блочно-модульдік қазандық ғимаратында өрттің шығуына байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары О.О. Каспакбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Талғар ауданының әкімі Т.Е. Айдарбеков