О внесении изменении в решение Райымбекского районного маслихата от 20 августа 2024 года № 29-160 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Райымбекском районе"

Решение Райымбекского районного маслихата Алматинской области от 1 июля 2026 года № 59-313

      В соответствии с приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Райымбекский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Райымбекского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Райымбекском районе" от 20 августа 2024 года № 29-160 (зарегистрировано в Департаменте Юстиции Алматинской области за № 6153-05) следующие изменения:

      в приложении указанного решения:

      во втором абзаце пункта 8 слова "8 (восемь) рабочих дней" заменить словами "6 (шесть) рабочих дней";

      пункт 13 изложить в следущей редакции:

      "13. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах следующих норм:

      1) нормы потребления коммунальной услуги по газоснабжению для потребителей не более пятнадцати кубических метров на человека в квартире;

      нормы потребления коммунальной услуги по газоснабжению для потребителей индивидуального жилого дома на отопление жилища не более пятнадцати кубических метров за квадратный метр;

      2) нормы потребления услуги электроснабжения для потребителя в соответствии нормам, установленным региональным уполномоченным органом, регулируемым деятельность в сфере естественных монополий;

      3) нормы услуг водоснабжения, и (или) водоотведения для потребителя:

      холодная вода не более четырех метров кубических на человека;

      горячая вода не более двух метров кубических на человека;

      4) нормы потребления услуги теплоснабжения для потребителей с приборами учета не более ноль целых двадцать пять тысячных гигакалории на один квадратный метр в месяц;

      нормы потребления услуги по теплоснабжению для потребителей не имеющих приборов учета за один квадратный метр, утверждаемые акиматом области, города республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      5) сбор и вывоз твердых бытовых отходов (мусороудаление) не более шестьсот пятидесяти тенге на человека;

      6) обслуживание лифтов не более тысячу триста тенге за квартиру;

      7) услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций не более тысячу триста девяносто девяти тенге за абонент;

      8) расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиум не более шестидесяти тенге за квадратный метр;

      9) арендная плата за пользованием жилищем из государственного жилищного фонда не более ста двадцати тенге за квадратный метр;

      10) норма квадратуры на человека восемнадцать квадратных метров полезной площади на человека, но не более фактически занимаемой площади, для одиноко проживающего не более тридцати квадратных метров.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Райымбекского районного маслихата "По социально-культурному развитию, праву, работе с общественными объединениями, средствами массовой информации".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата С. Мусирбаев

Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 20 тамыздағы № 29-160 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 59-313 шешімі

      "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 20 тамыздағы № 29-160 (Алматы облысы Әділет Департаментінде 2024 жылғы 22 тамызда № 6153-05 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      8 тармақтың екінші абзацындағы "8 (сегіз) жұмыс күні" деген сөздер "6 (алты) жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

      1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;

      тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды;

      2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

      бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

      бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

      4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін мыңнан жиырма бес гигакалориядан аспайды.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

      6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

      7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

      8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

      10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени, даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы С. Мусирбаев